Менің енем…

14
8285
ене мен келін

Қазақта ене мен келіннің арасындағы қарым қатынас ерекше. Кейбір енелер өз келіндерін «ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда ұстауым керек» десе, енді бір енелер келіндерінің қыздары сияқты қарап, білмегенін үйретіп, түсінбегендерін түсіндіріп, ылғи да арқасынан қағып, маңдайынан сипап отырады. Кейбір енелер өздерінің жас келін болып түскен шақтарын мүлде ұмытады да, егделеу тартқан кезінде шалдарына өткізген үстемдігі былай тұрсын, келіндеріне де дүрсе қоя беріп, мінез көрсетеді. Бүгін біз сіздерге фейсбук әлеуметтік желісін қолданатын қазақ келіндерінің «Менің енем осындай жан» деген тақырыпта алынған сауалнамадағы жауаптарын ұсынып отырмыз:

Анса Мустафа, Қазақфильмнің суретші-дизайнері, Ақ босаға газетінің суретшісі

Ене деген негізі үлкен тақырып қой бітпейтін. Кім ол ене деген? Ол- біріншіден ана, сенің  Аңса Мұстафа
жолдасыңның анасы, оны әрқашан құрметтеу керек. Ене әр-түрлі болады, адамдар әр-түрліғой, жас кезінде өмірін ойын-сауықпен өткізіп, балдардың қалай өскенін байқамай, ене болуға дайын еместер қаншама. Әйелдер соңғы кезде тіптен жасарғысы келіп тұрады, баяғыда 50 дегі адам өте кәрі әже болып көрінетін, қазір басқаша, 30 дағылармен жарысып, беттерін тарттырып, шауып жүреді. Мен әрқашан жас қыздарға айтамын, «Енең — анаң емес» деп, ене ол ене, ене деген бөлек аты бар, әтпесе неге оны да ана деп айтпаған атам қазақ. Ол кісіге тым ағыңнан жарылмау керек, бәрібір баласы жақын, соның жағында болады деп, мүмкін менікі қате болар. Кейбір енелер инстинктімен өмір сүреді, кеше ғана жүгіріп гүлді жұлып өзіне әкеп жүрген баласы, сол гүлдерді басқа біреуге силап, назары ауғанды көтере алмайды, кейбіреулер өзіне енелері не істесе өштерін келіндерінен алып жатады. Біреулер қыздарындай қабылдайды, бірақ өте сирек. Менің енеме келер болсақ ол жақсы кісі, тамақты жақсы пісіреді. Келін болғаныма 11 жыл болып қалыпты. Бірақ өкінішке орай ол кісі Алматыда тұрады, ал біз атамызбен бірге Астанада тұрамыз. Келесі жолы ата туралы сұрасаңыздар қызықтың көкесін сонда айтып берермін.

Әсел Асқарқызы, журналист

Асел АсқарқызыҚатал адам, талай рет жылатты сонда да көндік қой. Сол қаталдықтың да арқасында адам болдым деп айта аламын. Өйткені, 17 жастағы, мектепті енді ғана бітірген қыздың қолынан не келуші еді?

Таза қазақ ортасында өсіп, Аягөз қаласынан Павлодар облысының Ресеймен шектесіп жатқан орыстанып кеткен бір ауылына келін болып түстім. Ауыл адамдары ғана емес, үй іші де орысша тәрбиеленген, орысша сөйлейтін еді. Айт мерекесін де дұрыс түсінбейтін. Бірақ, жылап жүріп те жеңуге болады екен. Қазір енем екеуіміз құрбылар сияқтымыз. Оның ұлы мен менің ұлдарым тұрғанда, екі әйел қашанғы шекісе береді дейсіз? Төзім керек, уақыт бәрін де өз орнына қойып жатыр.

Атам марқұм жақсы адам еді. Ол қайтыс болған соң, үйдегі бар ауыр жұмыс менің арқама батты. Таңғы 5-те оянып малға шөп-су беріп, сиыр сауып, от жағып сосын мектепке жұмысыма барамын. Қайтып келсем, үйдегілер әлі ұйықтап жатады. Ұлым кішкентай, күн суықта киімсіз далада қарсы алатын мені. Сол жылдары түні бойы жылап шығатынмын. Бір күні жолдасымның қызметін Астанаға ауыстырды. Ол кеткенде де қайынапам мен енемнің көңілін таба алмай, мен 3 ай қиналып-ақ жүрдім. Бірақ, енеме ешқашан қрсы шықпадым. Анамның айтқан ақылы көмектесті. Хабарласқан сайын, үлкен адаммен ұрыспа деп айтатын. Енем жетімдер үйінде өскен адам, құдды бір актриса сияқты. Бірде көл, бірде шөл. Ата-әже тәрбиесін көрмеген адам немерелеріне де салқын. Содан, кейін күйеуім келіп бізді Астанаға алып кетті, сөйтіп, 2007- жылдан бері осындамыз.

Камшат Тасболат «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің журналисі

Апам өте жақсы кісі. Ақкөңіл, балажан. Әйтеуір, баламыз бір нәрсені бүлдіріп жатса, апамыздың алдында қызымызға ұрса даКамшат Тасболат алмаймыз. «Менің қызымда шаруаларың болмасын, қажет болса өз балаларыңды туып алыңдар«,- дейді әзілдеп. Содан болар, қызымыз өте ерке. Апасының алдында әсіресе қатты еркелеп кетеді.

Апамның үйретері де көп боп жатыр. Ол кісіні сыйлаймыз. Қонаққа келгенінде, жанымызда ұзағырақ болғанын қалаймыз. Ауылға кеткенінде, қимай шығарып саламыз. Үйде үлкен кісінің болғаны жақсы ғой. Өзім де ата-әженің қолында өскен соң ба, үлкен кісілерге деген ілтипатым ерекше. Үлкен кісі үйде болса, береке де, несібе де көп болады. Сондықтан, қоғамымызда осы ата-әже институтын сақтап қалу керекпіз деп ойлаймын. Анам да әр хабарласқанында: «Апаңды сыйлай бер!» деп ақылын айтып отырады. Қызымыз екі әжесін де жақсы көреді. Әже тәрбиесін көрген бала өте мейірімді, жақсы азамат болады дегенге сенімім кәміл.

Аринова Сания, «Массагет.кз» сайтының контент-менеджері

Сания Аринова«Менің енем» деген тіркеске әлі үйрене алар емеспін. Енеммен жақын танысып үлгермесем де, оның керемет жан екендігінде күмәнім жоқ. Жалпы енелерімен қырылып ұрсысатын қыздарды түсінбеймін. Бұл кісі сенің өмірлік жарың, жолдасыңды туып-баққан, тәрбиелеген адам ғой. Ол қалайша жаман бола алады? «Сен әлі жассың, әлі де көкеңді танытады!» дейтін боларсыздар, бірақ мен ол кісімен қарым-қатынасым жақсы боларына сенемін. Ал жалпы менің енем жас, заманауи, өзім сияқты сөмкелер мен әшекей бұйымдарға қызығады екен. Ол басыма орамалды ырымы болсын да деп таққан емес. «Сендер бақытты болсаңдар, болды. Бұрын балама уайымдаушы едім, енді екеуіне уайымдайтын болдым» дейді. Анасыз өмір сүргенге үйреніп, енемнің арқасында соңғы 5 жылда бірінші рет «мама» дедім. Сол үшін- ақ енеме рахмет дегім келеді.

Сандуғаш Кенжебаева, продюсер, журналист

Шынымды айтсам, енем мен үшін екінші анам! Келін болып түскен күннен бастап өзінің мейірімімен, даналығымен баурапСандугаш Кенжебаева алды. Бүгінде үш келінін бөліп-жармай, туған анасындай болып отырған абзал жан! Ол кісі бізге ешқашан келін деп қарамаған, үнемі туған қызымен тең көріп аялап келеді. Сондықтан біз де ол кісіге «мама» деп иіліп тұрамыз. Мамамыз 40 жылдан астам ұстаздық еткен ұлағатты педагог. Сол себепті, өзінің балаларына да жақсы тәрбие бере білген. Енді бүгінде бар аналық мейірі мен махаббатын, мұғалімдік тәжірбиесін немерелеріне сарқып жүрген асыл әже!

Жоғарыдағы сұхбаттан түйген ойымыз, ене мен келін арасындағы тартыс барлық жанұяда орын алмайтындығы. Қанша тартыс болғанымен де, уақыт өте келе оның бәрі қалады. Бастысы сіз келіндік міндетіңізді жақсы өткеріп, шыдамдылық таныта біліңіз. Бір кездері сізді пысысын деп қатал болған ене уақыт өте келе сырыңызды айтар құрбыңызға, ақыл беретін ақылшыңызға тіпті балаларыңыздың «тәрбиешісіне» айналады. Ең бастысы енеңізді бірінші күннен ене емес, жарыңыздың анасы, өзіңіздің бір бөлшегіңіз ақылшыңыз деп қабыл алыңыз.

 

14 Пікір

    • Қыздарымызға рахмет, орыстарға ұқсап енелерін жамандай жөнелмей, керісінше енелерін анасындай көретіндерін білдіріпті. Кейін сендердің де келіндерің өздеріңді осылай силасын деп тілеймін.

  1. Ене де екінші анаң! Бірақ екінші сөзін казак қалай қабылдаушы еді, әрине «өгей», «тоқал» т.б… Ене де солай. Оз анандай бола алмайды Жалпы енем жаман адам емес, тек кейде тек өзімбілемдікке салынып, пікіріне құлақ аспай кететіні болмаса

  2. Мен алгаш келин болып тускенимде енемди анамдай коргим келген бирак уакыт оте келе аркимнин озинин бир гана анасы болатынына козим жетти.Мен енемди жамандаудан аулакпын бирак конилим калган, жылаган кездеримде болды.

  3. бари отирик, ким енесин жаксы коред дисин, мына жерде гой адеми создермен орнектеп жаткандары, иштери алай-дулей

  4. Салем достар!Ананын орны бир болек,ененин орны бир болек ол рас.Ортак еки жактын ангимеси еки болек.Ене емес оз анасын жамандайтындар болады.Кудай сактасын бирак.Мен отау курганыма 9жыл болды.Арада баламыз казирше жок.Алла суйген кулынын котере алатынына сынак береди екен.Сонын бири мен жане куйеуимнин отбасы.Неге?Менен кейинги келинге 5жыл болды ол да котере алмай жур.Арнарсени себеп жасаганмен Алладан асып кете алмайсын!Аналык кызганыш деген де рас.Бир ауыз артык соз айткан емеспиз бир-биримизге,улын да болген емес менен.Мен ата-енемди кай жерде болмасын мактаймын,сол кезде коп ел тан калады.Тан калатын неси бар деп мен ан-тан.Омир кызык ия,достар!Енем кезинде театр актрисасы болып,кейин бухгалтер мамандыгымен истеп жур.Зейнетке шыкпаган али.Менимен бирдей-ак косметика колданады,ауыл кала деп болинбей.Ауылда турады.Мен енеммен сырласпын.Кулсе кулемин,ауырса бирге аурамын,куансак бирге куанамыз.Енем жыласа мен жубатам,мен жыласам енем жубаныш болады.Сол ушин озгени сыйлау аркылы,озинди сыйлат дегенге кулак асып,енелеринди сыйландар!Анамды келиндери калай сыйласа,соны корген мен улги корип омир сурип келемин.Жогарыда айтылган отирик енени жаксы коргенин деп жазган синлиме косылмаймын.Бакытты бол,арким бакытты болуга лайыкты!

  5. Ене ол ене барибир енелигин истейди ол екинши анан деп жатырсындар дурыс сыйлау парызын бирак отирик сыпайы жазуды догарындаршы ол анандай бола алмайды ол болса жубайыннын анасы шыгар бирак ол саган ЕНЕ!!!!

  6. Енё ол аркашан да Енё болып калады. Тек оз басын гана ойлайды. Улын айелине, балаларына кызганады. Ешкашан келиннин жагдайын сурамайлы да, елемейди. Енем жаксы деген келиндер отирик жазып отыр.

  7. Шынымен де әр адамның өз түсінігі бар, бастан кешкені бар. Енемді мақтамауға да болмайды, бірақ әптен көңілім қалған, талай жылатқан, әлі де бар. Арасында тіпті ойланып қалам жалғыз перзентінің жарымын, 2 немересінің анасымын, менде бір отбасының әлпештеп, абайлап, оқытып, жақсы тәрбиелеп өсірген қызымын. Өз анамдай көріп асты үстіне түсіп, күнде сәлемін салып жүргенімді де 1 тиын деген. Бунысы мен үшін ештеңе де емес болып қалды. Маған енелікті қатал жасап кележатқан осы кісідей болар. Қаталдылығына шек жоқ адам. Ең бастысы қырсықтық жасағанын қойып, немерелеріне нағыз әже екенін көрсетіп, мирімін берсе екен. Мен әлі жаспын деп 10 жылға жас көрінемін деп өз өзін алдағаныма, әлде немерелеріне қарағысы келмегеніма ұғу киын. Енеден киыншылық көріп жүргендерге тек гана САБЫР деймін☺☺☺

  8. Салеметсиздерме.Жасым 22де куйеуім 2қызым бар.Куйеуіммен бир биримизді сүйіп қосылдық.Енемде атамда негизи жаксы адамдар.Мени жоо оқытты.Енем менин оқудан қалмай баруыма мүмкіндік жасады әрқашан маған демеу болды.Күйеуім әжеснин қолында еркелеп оскен ата енемди папа мама деп айтпайды.Атам коп ишеди күйеуім кобине атамды ишкен кезде тасып журеди.Бирак атам куйеуімді балам деп бауырына басып түк еркелетпеген күйеуім мен өгей баласы сияктымын дейди .Үш кайынсіңілім бар олардыда еркелетпейди катты сойлеседи.Бирак кұдайға шүкір үлкен үйде тұрамыз не жеим не ишем демеймиз.Енем ак конил пысып жан .Үнеми маған көмектеседи тамакти кейде ози істеп кетебереді .Атам енемди отырғызбайды бир кун ишеди бир кун ет жеп енеме аягын уқалатады.Енемде соған конип журе береди.Кыздарына қатты сөйлейди кыздарда оған жыны келип катты сойлейди.Күйеуіме атам күн бериейді отырса неге отырсын тұрса неге тұрсын дейди»достарымен жүрсе эй чмо кайда жүрсің эй сары ит кайдасн деп звандайды.Мен олай сойлегенин калаиаймын күйеуімде жыны келеди жалғыз ұлымынго него олай сойлейди диди.Енди күйеуім бөлек щығайык диди не истермди билмей отырмын.Ел жұрт не диди жалғыз баласын бөлек шығарыпты дитин шығар.Күйеуімнін ай сайын 100мын кредити бар мен баламен жұмыссыз бын квартира жалдап шығуға бел будық.Қорқам күн көреаламызба деп.Енем жібергисі келмейді менде кеткім келмейді.Бирак болек шығам деп шештім.Күйеуім әкесінен коргенин истейди деп корыкканнан .Күйеуімнін бала шағасына әкесіне ұқсап суық қарамау үшін,атама бөлек шығатын болдық деп айтсам шықсаңдар шығыңдар деп отыр.Енем ренжима маған жалғыз баласын өзінен айырып алып баражатр деп.Маған көңілі суып кетпеймекен.

    • Енеңізге өз ойыңызды айтып көріңіз. Егер енеңіз сіз айтқандай адам болса сізді түсінеді деп ойлаймын.

  9. Бес саусак бирдей емеской жаксы енелер баргой.мен турмыска шыкканымда оз отбасымдай корем,оз анамдай коремдеп ойлаганмын.менин женгелерим анаммен оте жаксы катынастам менде де солай болар деп умиттендим.алайда енемнин кызганышы басым болды,куйеуме мени жамандап.менин ата анады жамандайтын,шагыстырат ын.бир аулда турсамда ата анама еки айда бир азер баратынмын.акыры улымды басканын баласы куйеумнен емес дегенди шыгарды,кетип тындым акыры.артымнан куйеуим гана келди,балам ушин кайттым болек турамыз бир.

  10. Менің жасым 22 де.Тұрмыстамын.2қызым бар.Енемди жамандағым ақ келмейді бірак шыдай алмайм.Қыздарыма ұрса береді.Мен қызды жеккорем.қыз деген жаман айуан ешак деп жаман создер айтады одан да зор создер айтады.Қатты көңілім қалған уже 4 жылдың ішінде.Улкен қызым атасының қызы қатты ерке соның еркелігін көтермей жылата береді.жыласа тагы аузына келгенди оттайды.аузынан ак ит кіріп,көк ит шыгады.Тілі удай ащщы.Енди Сонгы кездер <>деп айтып жур.Соз кайтара алмайм тілім қысқа.Куйеуімнің көнілін қалдырғым келмейді мамасымен урсып.Куйеуим урса урса шаршаган олда.Ешкимге бой бермид тіпті атамызды да адам демейді ұрсып зіркілдеп отырад.Ата бирдене деп урсса сразу каргап шыгады.Шаршадым катты?

Пікір қосу