Заңды некелеріңмен!

Сендерді заңды некелеріңмен туысқандық сезіммен, ыстық ықыласпен құттықтап, мықты денсаулық, бақытты өмір, қызық пен қуанышқа толы күндер тілейміз!

 

Жүруші ек қуанышқа елең етіп,

Өскен жердің самалы желпіп өтіп.

Екеуіңді шын ниетпен құттықтауға

Жан-жақтан барлығымыз келдік жетіп.

 

Арнасақта ақ тілекті әуел бастан,

Өмірлерің сенің үлкен дастан.

Қараймыз екеуіңе зор үмітпен,

Дегендей ақыл жастан, асыл тастан.

 

Қатар өссін екеуіңнің бойларын,

Жүзеге ассын армандаған ойларың.

Еңбектерін әрдайым табысты боп,

Келешекте  тойға ұлассын тойларың.

 

Көңілдерің періштедей пәк болсын,

Бастарыңа қайтпайтындай бақ қонсын.

Қиындықтар , кедергілер кез болса

Ата –баба өсиеттері жақ болсын.

 

Қол ұстасып жүріңдерші мәңгілік

Сәбиелрдің үні естілсін жаңғырып.

Биік болып шаңырағы отаудың,

Күн нұрымен кірсін әркез таң күліп.

 

Қуат алып туыстар мен достардан,

Мықты болсын жас босаға әрқашан.

Мақтанатын бір үйі боп әулеттің,

Көрініңдер биіктер мен асқардан!

Leave a Comment