Қалаңызды таңдаңыз

Сіздің қалаңыздағы той мамандарын көрсетеміз

Санаттар
Тойханалар Асабалар Фотографтар Видеографтар
Басқа
Мақалалар Кіру / Тіркелу
← Мақалалар Тойға асаба (тамада) қалай тандау керек: 9 маңызды кеңес

Тойға асаба (тамада) қалай тандау керек: 9 маңызды кеңес

20.03.2026

Тойдың жартысы — асабаға байланысты. Тамақ дәмді болса да, тойхана әдемі болса да, той жүргізуші нашар болса — той есте қалмайды. Ал жақсы тамада кез келген тойды ұмытылмас мерекеге айналдырады. 

Бірақ асабаны қалай тандау керек? Инстаграмда бәрі де «тәжірибелі», бәрі де «кәсіби». Қайсысы шынымен жақсы той жүргізуші, қайсысы тек жарнамасы күшті? 

Бұл мақалада — тамада тандағанда нені қарау керек, қандай сұрақтар қою керек және қателіктерден қалай қашу керек екенін нақты айтамыз. 

Маңызды кеңес: Асаба іздеуді тойдан кем дегенде 2-3 ай бұрын бастаңыз. Бір ғана тамадаға тоқталмай, 3-4 асабамен кездесіп, салыстырыңыз. Жақсы той жүргізушілерді тез алып кетеді — әсіресе той маусымында. 

1. Видеосын қараңыз, жарнамасына емес

Асабаны тандаудың ең сенімді жолы — оның нақты тойдағы видеосын көру. Инстаграмдағы қысқа рилстер мен монтаждалған видеолар толық сурет бермейді.

Нені қарау керек:

Тойдағы адамдар қалай реакция беріп жатыр? Күліп жатыр ма, әлде телефонына қарап отыр ма?

  • Той жүргізуші микрофонсыз да залды ұстай ала ма?
  • Бағдарлама бір қалыпты ма, әлде әр тойға бейімделген бе?
  • Қазақша таза сөйлей ме? Интонациясы қалай?

Бір минуттық монтаждалған видео емес, 5-10 минуттық толық үзінді сұраңыз. Шынайы деңгейін сол көрсетеді. 

2. Репертуарын сұраңыз

Жақсы асаба — тек сөйлейтін адам емес. Ол тойдың толық бағдарламасын жоспарлайды.

Тамададан алдын ала сұраңыз:

  • Тойдың бағдарламасы қандай болады?
  • Қандай ойындар, сауықтар ойнатады?
  • Дәстүрлі рәсімдерді (беташар, құда түсу) қалай өткізеді?
  • Жаңа, қызықты элементтер бар ма?


Маңызды: Кейбір той жүргізушілер бір ғана сценарийді жылдар бойы қайталайды. Егер сіздің достарыңыздың тойында да, сіздің тойыңызда да бірдей ойындар болса — жақсы емес. Кәсіби асаба әр тойға жеке көзқарас жасайды.
 
Егер ұсынған ойындар көңіліңізден шықпаса — басқасымен алмастыруын алдын ала ескертіңіз. Жақсы тамада бұған ашылмайды, керісінше — сіздің тілектеріңізді ескереді. 

3. Бағасын және командасын нақтылаңыз

 
Тамада бағасы — тек гонорар ғана емес. Кейде қосымша шығындар болады, оларды басынан білген дұрыс.
 
Асабадан сұраңыз:
 

  • Негізгі баға нешеге? Неше сағатқа?
  • Қосымша сағат қанша тұрады?
  • Дыбыс аппаратурасы (колонка, микрофон) бағаға кіре ме?
  • Көлік шығыны, жатар орны, ішіп-жемі кімге?
  • Алдын ала кездесу (репетиция) тегін бе?


Команда туралы: Кәсіпқой асабалардың өздерінің командасы болады — музыкалық сүймелдеуші, биші қыздар, қосымша әншілер. Егер тамада жалғыз жұмыс істейтін болса — үлкен тойды басқаруда тәжірибесі жеткіліксіз болуы мүмкін. Командасы бар болса — әншілер мен бишілерге бөлек ақы төлене ме, әлде асаба айтқан суммаға кіре ме, алдын ала анықтаңыз. Артынан дау болмау үшін бәрін басынан шешіп алған дұрыс.

Қазақстандағы той жүргізуші бағасы қалаға, тәжірибеге және маусымға байланысты айтарлықтай өзгереді. Той маусымында (мамыр — қыркүйек) баға жоғары болады, сондықтан ерте брондаңыз

4. Алдын ала кездесіңіз

 Видео қарадыңыз, баға сұрадыңыз — енді асабамен бетпе-бет кездесу маңызды. Бұл кездесуде сіз тамаданың мінезін, қарым-қатынасын және сіздің тойыңызға қаншалықты қызығатынын көресіз.
 
Назар аударыңыз:
 

  • Сіздің тілектеріңізді тыңдай ма, әлде тек өзі сөйлей ме?
  • Тойдың тақырыбы, стилі туралы сұрақтар қоя ма?
  • Жылы, ашық адам ба? Сізге ұнай ма?
  • Мерзімдер мен шарттарды нақты түсіндіре ме?


Мықты асаба өзі де сұрақ қояды. Қанша адам келеді? Той иесінің мәртебесіне қарай қандай адамдар болады? Үйдің үлкені кім? Құдалар жайлы не білесіз? Кәсіби той жүргізуші осы ақпаратты жинап, тойды сол деңгейге бейімдейді. Ал егер асаба сіз айтқанның бәрімен келісіп, ешқандай сұрақ қоймаса — оның тәжірибесінің аздығын білдіруі мүмкін.
Егер алғашқы кездесуде той жүргізуші сізді тыңдамаса — тойда да тыңдамайды. Жеке қарым-қатынас — маңызды фактор. 

5. Пікірлер мен ұсыныстарды тексеріңіз

 
Асабаны тандағанда басқа адамдардың тәжірибесі — алтын ақпарат.
 
Қайдан қарау керек:
 

  • Инстаграмдағы комменттер мен хайлайтстар
  • Таныстардан сұрау — кімнің тойында қандай тамада болды?
  • Neke.kz сайтындағы асабалар бөлімінде әр той жүргізушіге нақты адамдар пікір қалдырады

Бір-екі жағымсыз пікір — қалыпты. Бірақ егер бірнеше адам бірдей мәселені айтса (кешігеді, бағдарламасы жалықтырады, тілектерді ескермейді) — бұл белгі.

6. Беташар мәселесін алдын ала шешіңіз

Беташар — тойдың ең маңызды сәттерінің бірі, және ол ақша мәселесімен тікелей байланысты.
 
Асабамен алдын ала келісіңіз:
 

  • Беташарды өзі ашады ма, әлде қосымша адам ертіп келеді ме?
  • Беташарға түскен ақша кімге тиесілі — асабаға ма, жас жұбайларға ма?
  • Кей асабалар ізгілік жасап, беташар ақшасын «жастардың алғашқы қаржысы» деп өздері беріп кетеді — бірақ мұны басынан сөйлесіп, келісіп алған дұрыс.


Кеңес: Беташарға аз қаражат түспейді. Кей жағдайда асабамен келіскен суммаға беташар ақшасын есептеуге де болады — мысалы, гонорардың жартысын беташардан түскен қаржы құрайды деп келісу. Бұл екі жаққа да тиімді. 

7. Халал той болса — алдын ала ескертіңіз

 
Егер тойыңыз арақ-шарапсыз, халал формат болса — асабаға бұны бірінші кездесуде-ақ айтыңыз.
 
Кәсіби тамада «олай дұрыс емес» деп айтпайды — ол кез келген форматта жұмыс істей алады. Бірақ бұл бағдарламаға әсер етеді: арақ-шарапсыз тойда ойындар мен сауықтар басқаша құрылады, сондықтан той жүргізушінің алдын ала білгені маңызды.
 
Тағы бір маңызды нәрсе — қандай формат болса да, асабаның той соңына дейін арақ-шарап ішпеуін талап етіңіз. Бұл кәсібилік белгісі. 

8. Маусымды және күнді ескеріңіз

 
Той маусымында (мамыр — қыркүйек) жақсы асабалар тез брондалады. Егер тойыңыз жаз айларында болса:
 

  • 3-4 ай бұрын тамаданы брондау керек
  • Жұма, сенбі күндері ең қымбат — бейсенбі немесе жексенбі арзанырақ болуы мүмкін
  • Алдын ала аванс төлеу туралы келісіңіз (әдетте 30-50%)
  • Кездесуге барған кезде жартылай төлемге дайын болып барыңыз — жақсы асабаларды тез алып кетеді


Кеңес: Той маусымынан тыс уақытта (қараша — ақпан) баға төмен болады және той жүргізушілер көбірек бос болады. 

9. Келісімшартқа назар аударыңыз

 
Ауызша келісім — сенімді емес. Кәсіби асабамен жазбаша келісім жасаңыз.
 
Келісімде не болу керек:
 

  • Тойдың күні, уақыты, орны
  • Тамаданың жұмыс уақыты (неше сағат)
  • Толық баға және төлем шарттары
  • Командасы (әншілер, бишілер) және олардың ақысы
  • Беташар ақшасы туралы келісім
  • Бас тартқан жағдайда не болады (екі жақтан да)
  • Қосымша қызметтер (диджей, аппаратура, көмекші)


Бұл екі жаққа да қорғаныс. Жазбаша келісім — кәсібилік белгісі. 

Тойдың алдында: асабаға не дайындау керек?

 
Асабаны таңдап, келісім жасағаннан кейін — сіздің де жұмысыңыз бар. Тойдың жақсы өтуі тек тамадаға ғана емес, сізге де байланысты.
 
Асабаға алдын ала дайындап беріңіз:
 

  • Сөз сөйлейтін адамдардың тізімі және реті
  • Келін салем салатын адамдар жайлы ақпарат
  • Түскен ішінде құда-жекжат, жора-жолдастарды жақсы білетін бір адамды асабаның қасына қосып беріңіз


Бұл ақпарат неғұрлым толық болса — той соғұрлым жақсы өтеді. 

Қорытынды: жылдам чеклист

Тойға асаба (тамада) тандағанда мына тізімді тексеріңіз:
 
✅ 3-4 асабамен кездесіп, салыстырдым ✅ Нақты тойдағы видеосын көрдім ✅ Бағдарламасы мен репертуарын білемін ✅ Толық бағасын (команда, аппаратура, қосымшаларымен) білемін ✅ Бетпе-бет кездестім, ұнады, сұрақтар қойды ✅ Пікірлерді оқыдым / таныстардан сұрадым ✅ Беташар ақшасы туралы келістім ✅ Халал/арақ мәселесін айттым ✅ Күнін брондадым, аванс төледім ✅ Жазбаша келісім жасадым ✅ Сөз сөйлейтін адамдар тізімін дайындадым 

Асаба іздеп жүрсіз бе?

Neke.kz сайтында Қызылорда, Түркістан және Тараз қалаларының тексерілген той жүргізушілерін таба аласыз. Әр тамаданың профилінде бағасы, видеосы, тәжірибесі және нақты адамдардың пікірлері бар.

👉 Асабаларды қарау →