Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)

4
17524
Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік

Қазақ жігіттері әйтіп-бүйтіп ақпараттанып жүретін нәзік жандарға қарағанда өзінің жыныстық сауаттылығына немқұрайлылау ғой. Урологқа да тасымыз сыздап, тасақ жыбырламайынша аяқ аттап баспайтынымыз бар. Содан ба, жыныстық сауаттылыққа келгенде әйел затынан біраз надандаумыз.

Ала таңнан кешке дейін порно қарайтын 27 жасар Нұрмат деген танысым үйленеріне бір ай қалғанда менен «қыздың шүртекейі қай жерде?» деп сұрап тұр. Әрине, шүртекейді білмей-ақ қойса да, өлмейді қазақ. Тек, бұл бір емес. Ауылымыздың қарақұлақ жігіттерінің көбінің ойынша жыныстық сауаттылықтың асқар шыңы– берісі — «қан шықпаса, қыз емес!» қауесетін білу болса, әрісі — порнодағы позалар ғана. Бірақ, ең сорақысы — пайда болған ақпараттық вакуумды жігіттердің өткен ғасырлық түсініктерімен толтырып тастайтыны. Олай сенімді сөйлеуіме Нұрматтың жағдайы ғана емес, қазақ жастарының гуглға жиі қоятын сауалдары, кей мақалалардағы оғаш пікірлері себеп болса керек. 

Ендеше, жас жігіттер сенетін секс туралы 6 өтірігінің үстінен танкімен жүріп өтсек қалай болады?! 



1. Қыздық «перде» — пәктік белгісі. Қыздық «перде» — пәктік белгісі.

Жалпы «пәктік» деген әдемі ұғымның алдында шляпімді шеше отырып, 100 пайыз біреудің пәк не пәк еместігін анықтайтын медициналық тәсілдің жоқтығын қаперіңізге салуға рұқсат етіңіз. Даулас-дауласпа, қыздық пердесін «жаман бала» мектепте дене шынықтырып жатып та, оңбай сүрініп құлап та жыртып алуы мүмкін. Ал кей қыздарда ол туа бітті жоқ.

Оған мына үш қызық жайтты қосыңыз:

1) Қыздардың көбі алғашқы жыныстық қатынас кезінде қан шықпағанын айтады. 2) Қыздар қыздық пердесін сақтау үшін жыныстық қатынастың басқа түріне бара алады. 3) «Гименопластика» — пердені қалпына келтіру операциясы. Өзіңді бәрінен қумын деп жүр ме едің? Ыха-хы…

Ал тұтастай қыздың пәктігіне арналған «телегония» деген нанымды ғылыми қауымдастық әжемнің көзі тірісінде-ақ «дүмше ілім» деп таныған.

Сондықтан, пәктігін қыз тек өзі ғана біле алады және өзі үшін ғана сақтай алады!



2. Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды.

Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды.  Ойбо-о-ой. Осыған кім сендіреді бізді-ей? Әйелдер сексті біздей-ақ ойлайды. Жо-    жоқ, бұл әлдекімдер айтып жүргендей жаһандану тренді емес. Оны анықтау үшін    әйелге дұрыс сұрақтарды қою жеткілікті. Тіпті кейде, қоғам еркектерді секстен бөтен ештеңені ойламайтын хайуан етіп  көрсетуге асығыстық танытқан сияқты. Иә, бозбалалық шақта жатса да, тұрса да  эротикалық образдардан бозбаланың ұйқысы қашатын кездер бар. Бірақ,  стереотиптердің күштілігі сол — көрінгенмен жата кетуге құлықсыздық болсақ,  өзімізді «белсіз» сезінетін күйге жеттік. Айырмашылығымыз — біздің эротикалық  тартымдылықты әртүрлі түсінетіндігіміз. Әйелдер секс туралы астарлап айтуға  бейім. Ал біз былш еткіземіз. Кейбір анық сигналдарды ұқпай қалуымыз да содан.



3. «Айқайласа — жетіскенім!»

Адамның шыңғыруына неше түрлі себеп бар ғой, қарақтарым. Мүмкін оның e1ca32жанына батып жатқан шығар? Әдетте, әйелдің бір жері ауырса, оған немқұрайлық таныту дұрыс емес. «Ауырттың» — десе, қоя ғой. Ол көбіне, әйелдің дайын еместігінен.«Иі» келмегеннен болуы да мүмкін. Әйел шыдауы мүмкін. Бірақ шындығы сол, әйелдің ағзасы енді оянып жатқанда, біздің ағзамыз, «қой-ей, мен дайындықты бағана бастап қойғам, екеуің анекдот жіберіп отқанда» дейді.



4. Секс туралы кейбір тақырыптарды талқыламау керек.

6656f9Бұл енді үйленген достарымда жиі кездеседі. Әрине, егер әңгіме процесс үстінде Ницшеден цитата жіберіп қойып, Аушвицте өлген жөйттердің нақты санын есептеу жайлы болса — дұрыс пайым. Бірақ, секс туралы әңгімені тек секске жету жолы деп қарастыру — ақымақтық. Ондай ашық сырласуларды жарыңызбен кейін де, жыныстық қатынас сапасын арттыру үшін де доғармау керек. Жасыратын не бар, құрысын? Алайда, әйелдердің көбі күйеуімен тап секс туралы ашық әңгіме бастауға, не қалайтынын айтуға ұялады. Еркек бір жауды қырып келген құсап, бірден сиырдан «серьезный» кейіпті киіп алып: «өй, жәлеп, өлдің ба сонша?» деп жекуі мүмкін ғой. Құдды, жаңа ғана жанталасып жатқан өзі емес сияқты.Сосын отырады форумдарда, жеке ба… көтінің мәселесін трольдарға талқылатып.



5. Бір рет жыныстық қатынасқа түскен қыз үнемі қалап тұратын мақұлыққа айналады.

93d0feӘйелдер үнемі қаламақ түгілі, жыныстық қатынастың дәл ортасында сені қаламай қоюы мүмкін. Егер сонысын білдірсе, ашулана кетпеуге тырыс. Оның бұл тірлігі міндетті түрде айлығыңның аз шыққаны немесе мусор төкпей қойғаның кінәлі емес. Некедегі әйелдің басында нешетүрлі жағдай болады. Гормондық тепе-теңдік бұзылуы. Бала босанғаннан кейінгі «психоз». Тойдан кейінгі шаршау. Өй, аз ба себеп, тіленбе!



6. Жыныстық қатынасқа көп түскен әйелдікі кеңейіп кетеді.

75d29dОсыдан жиі естіген өтірігім жоқ. Бала туудан кейін де бұрыңғы қалпына келе алатын мүшеге қандай сұрағың бар? Қынаптың үлкендігі құлақтың үлкендігі сияқты әркімде туа біткеннен әртүрлі болады. Әрине, жас ұлғайған сайын немесе босану кезіндегі кейбір процесстерден қынап бұлшық еті босап, кеңею мүмкін. Тек қынаптың құлақтан жақсы тұсы, оны қоршаған бұлшық еттерін шынықтыру арқылы, оның иілгіштік, мығымдық қасиеттерін арттыруға болады. Қалай болғанда да, қынап жыныстық қатынас жиілігінен кеңімейді.



Қазақтар дастархан басында ғана әңгімелесетін адамдар ғой, дастархан басында ағаңмен не әкеңмен секс туралы әңгіме айту әдептілікке жатпайтын сияқты. Ал шетелдіктер сияқты, торғай атуға алып шығып сырласу деген қазақта өліп қалған дәстүр… Сондықтан, екеуміз бұл әңгімені бақшада жүріп айтқан болайық.

Материал керекинфо.кз сайтынан алынды.

4 Пікір

Пікір қосу