Күйеу жігіттің кәделері

0
3159

Үйленер кезде күйеу жігіт біліп жүруге міндетті кәделер:

  1. Сүт ақы (кей жерлерде ана сүті, ата сүті) — қайын енеге емізгені үшін берілетін кәде –бір түйе немесе бір ат. Қазіргі заман талабына сай түйе мен жылқының құнына келетін бағалы әшекей.
  2. Балдыз көрімдік –бұрындары ұрын барғанда қалыңдықтың сіңілісмен арнайы танысып, соны таныстырған жанға көрімдек ретінде сыйлық ұсынған. Қазіргі заман талабына сай қалыңдықтың сіңілдері жездесіне әр түрлі ойын шартарын ұсынып қалыңдық отырған бөлменің кілтін сатады. Күйеу жігіт балдыздарына ақшалай сый жасап, балдыз көрімдік кәдесін жасайды.
  3. Жеңгетай –қалыңдықтың жақын жеңгелеріне  арналады
  4. Сәукеле байғазы- қалыңдықтың сәукелесін киген жеңгесі күйеу жігіттен байғазы сұрайды. Ақшалай сыйлық немесе алтын, күміс әшекейлер беріледі
  5. Отау жабар  — қалыңдықтың отауын жапқан әйелдерге берілетін мал
  6. Ентігімдік – күйеудің алдынан шығып қарсы алып, шашу шашқан келіншектерге берілетін кәде
  7. Ат байлар  —  кезінде біздің аталарымыз  екінші бір ауылга бару үшін атты көлік етіп пайдаланған, қазіргідей авто көлікпен емес. Сол кездері ат байлар деген ырым болған, қалыңдық ауылына келген күйеу жігіттің атын қалыңдық жеңгелері атын байлағаны үшін куйеу жігіт мата немесе әшекей бұйымдарды берген. Қазіргі біздің заманымызда осы салт ұмыт бола бастады
  8. Төсек салар – ұрын тойда төсек салған жеңгесіне беретін кәде
  9. Шымылдық байлар шымылдықтың құрып берген қалыңдық туыскандарына берілетін сый
  10. Қол ұстар  — ұрын тойда қалыңдықтың қолын жігітке ұстатқан жеңгесіне беретін сыйлық
  11. Шаш сипатар – қалыңдық жеңгелері күйеу жігітке қалыңдықтың шашын сипауға рұқсат бергендері үшін берілетін сыйлық
  12. Көрпе қимылдатар
  13. Ит ырылдар – куйеуге ырылдаған итті қуу үшін. (есік сыртынан жеңгесінің бірі ит болып ырылдайды)
  14. Бақан сылдымақ- түндікті ашқан адамға берілетін сыйлық
  15. Мойын тастар- ұрын тойға арнап сойылған қойдың мойынын түндіктен лақтыр
  16. Арқа жатар еліміздің кейбір аймақтарында жоқ, қызды төсекке жатуға көмектескен жеңгелеріне берілетін кәде
  17. Қыз көтерер-қалыңдықты кілемге салып көтергендерге беріледі.
  18. Кемпір өлді  — өтірік өліп, қосылуға кедергі келтірген кемпірді қаййта «тірілту» үшін берілетін ақы
  19. Куйеу аттанар- күйеуді атқа отырғызғаны үшін
  20. Қыз қашар – туыстарынан қашып кеткен қалыңдықты әкелгендері үшін.

Пікір жоқ

Пікір қосу