Жұбайыңызды «ояту» амалдары

Жас жұбайлардың арасындағы қарым-қатынастың басты бөліктернің бірі – төсек қарым-қатынасы. Психолог мамандардың айтуынша, төсектерінде толыққанды өмір сүретін жұптар күнделікті өмірде де бақытты болады.

Көпшілік бұл мәселе еркектің шаруасы деп санады. Алайда істің оңынан шығуын толықтай еркекке міндеттеп қойған дұрыс емес. Сіз де отбасыңыздың мүшесі ретінде бұл мәселедегі қиындықтарды шешуге барынша тырысқаныңыз дұрыс.

Көп жас келіндерді мазалайтын «Жұбайымның ынтазарлығын қалай оятамын?» деген сұраққа жауапты бірге іздеп көрейік.

Қыздардың ойлауынша, жігіттер онсыз да «әр уақыт дайын» болады. Бірақ жұбайыңыздың көңілін өзіңізге қаратуға күш салып, сізді қалауға тырыссаңыз, ортақ істен өзіңіздің де, жұбайыңыз да алатын әсер ерекше болмақ.

Сонымен жұбайыңызды ояту үшін:

Ұялмаңыз

Өмірде артық сөз айтуға ұялатын болсаңыз да, өзіңіздің өмірлік жарыңыз алдында төсекте барынша батыл болуға тырысыңыз. Тіпті төсекке келгенде, өзіңізді басқа, батыл ару болып сезініңіз. Өзіңізді бос, еркін, кейде дөрекі ұстағаныңыз жұбайыңызды бір сәтте «қосуы» мүмкін.

Көп арулар өзін күйеуінің алдында жаман, тәрбиесіз көрсеткісі келмей, төсекте де, өмірдегі сияқты момын болады. Бірақ жыныстық қарым қатынас басқа әлем, ал сіз ондағы басқа, батыл,  тіпті өктем жан болыңыз.

Жаңашылдықтан қорықпаңыз

Бұл мәселеде ең жаманы — біркелкіліктің құрбаны болып қалу. Көптеген жұбайлардың ең үлкен қиындығы да осы болады. Көп жағдайда ер кісі тізгінді қолға алып, жаңалықтар еңгізуді ұсынады. Ал егер өзгерістер мен жаңашылдықты өзіңіз еңгізсеңіз, жолдасыңыз қалай мәз болатындығын елестетіп көріңізші? Ұяласыз ба? Ендеше мақаланың бірінші пунктына оралғаныңыз жөн.

Жаңашылдық түрлі болуы мүмкін. Мысалы үйреншікті төсектен шығып, бұл іспен басқа жерлерде айналысуға болады. Әрине, қоғамдық жерлер жайлы айтып отырғанымыз жоқ (бірақ қалауыңыз өзіңізде).

Мысалға өз үйіңізде бірақ басқа бөлмелерде (үйде сіздерден басқа ешкім болмағанда), демалыста қонақ үйде және басқа да екеуіңіз ғана қала алатын жерлерде, аяқ асты, ойламаған жерде күйеуіңізге осындай ұсыныс жасасаңыз, оның көңілінен шыға аласыз.

Іш киім

Көптеген жігіттердің айтуынша, оларды оята алатын бірден бір нәрсе – әйелдің әдемі іш киімі. Жігіттер көзімен жақсы көреді демекші, оларға көздері қуантарлықтай бейне қажет. Бұл сұрақта әр ер кісінің өз талғамы бар. Кейбіреулерге қарапайым, кейбіреулерге ашық, батыл, жарқын түстісі ұнайды. Бастысы бір стильді ұстанбай, гардеробыңыздағы іш киіміңізді барынша түрлендіруге тырысыңыз.

Бұл сұрақта ең дұрыс шешімді өзіңізден басқа ешкім білмейді. Өз күйеуіңізді зерттеңіз, «төсек өмірін» барыншы түрлендіріңіз, жұбайыңызға ұнайтын заттарды байқап, қайталаңыз. Іздеген адам дегеніне жетеді, сондықтан бастаманы қолға алып, жеңіске жетемін деп үміттеніңіз.

Іске сәт!

Leave a Comment