Қалаңызды таңдаңыз

Сіздің қалаңыздағы той мамандарын көрсетеміз

Санаттар
Тойханалар Асабалар Фотографтар Видеографтар
Басқа
Той калькуляторы Мақалалар Кіру / Тіркелу

Тойға 81 тексерілген тойхана бар

Жеті қазына-2
Жеті қазына-2
Жеті қазына-2
Жеті қазына-2
Жеті қазына-2
Түркістан Жаңа
Жеті қазына-2
“ЖЕТИ КАЗЫНА” PREMIUM БАНКЕТНЫЙ ЗАЛ | ТУРКЕСТАН
9 000 ₸-ден бастап
👥 150–350
Tau Grand
Tau Grand
Tau Grand
Tau Grand
Tau Grand
Түркістан Жаңа
Tau Grand
Тойыңызды от қыламыз 🔝
8 500 ₸-ден бастап
👥 60–320
Golden Hall
Golden Hall
Golden Hall
Golden Hall
Golden Hall
Түркістан Жаңа
Golden Hall
Қуанышыңызды бізге сеніп тапсырыңыз✨
7 999 ₸-ден бастап
👥 50–200
Ұлы-тау
Ұлы-тау
Ұлы-тау
Ұлы-тау
Ұлы-тау
Түркістан Жаңа
Ұлы-тау
Түркістандағы ең үлкен Тойхана
7 000 ₸-ден бастап
👥 100–700
Zoloto Ballroom
Zoloto Ballroom
Zoloto Ballroom
Zoloto Ballroom
Zoloto Ballroom
Түркістан Жаңа
Zoloto Ballroom
✨ «Тарих басталатын орын»
16 000 ₸-ден бастап
👥 100–273
Dorba hall
Dorba hall
Dorba hall
Dorba hall
Dorba hall
Түркістан Жаңа
Dorba hall
DORBA HALL | BALLROOM | ТУРКЕСТАН
17 000 ₸-ден бастап
👥 50–152
Turan
Turan
Turan
Turan
Turan
Түркістан Жаңа
Turan
«Ең танымал мейрамханалардың бірі»
8 500 ₸-ден бастап
👥 150–500
Khansaray Grand Hall
Khansaray Grand Hall
Khansaray Grand Hall
Khansaray Grand Hall
Khansaray Grand Hall
Түркістан Жаңа
Khansaray Grand Hall
🎶 Ең заманауи жарық және дыбыс жүйесі
10 000 ₸-ден бастап
👥 68–550
Байтерек
Байтерек
Байтерек
Байтерек
Байтерек
Түркістан Жаңа
Байтерек
✨ Бәйтерек Тойхана — қуаныш пен салтанат тоғысқан
9 000 ₸-ден бастап
👥 150–399
Жеті қазына
Жеті қазына
Жеті қазына
Жеті қазына
Жеті қазына
Түркістан Жаңа
Жеті қазына
✨ Жеті қазына Тойханасы — қуаныш пен салтанатқа то
9 000 ₸-ден бастап
👥 150–400
Nursat Hall
Nursat Hall
Nursat Hall
Nursat Hall
Nursat Hall
Түркістан Жаңа
Nursat Hall
Салтанат залы | Тойхана | Түркістан
900 ₸-ден бастап
👥 50–200
Шахсарай
Шахсарай
Шахсарай
Шахсарай
Шахсарай
Түркістан Жаңа
Шахсарай
✨ Шахсарай Тойханасы — салтанат пен сән тоғысқан,
10 000 ₸-ден бастап
👥 100–300

Қазақстандағы тойханалар — той мекенжайын таңдаңыз | Neke.kz

Той жоспарлау неден басталады? Тойханадан.

Күн белгілі болды — бірінші іздейтін нәрсе: тойхана. Қонақ тізімі, ас мәзірі, бюджет, тіпті тойдың стилі — бәрі той мекенжайына байланысты. Тойхана таңдалмай — ешнәрсе қозғалмайды.

Бірақ тойхана таңдау — оңай нәрсе емес.

Бағалары әр түрлі. Шарттары әр түрлі. Біреуінде бір адамға 5 000 теңге десе, ас мәзірі ғана кіреді. Біреуінде 15 000 десе — зал, көркемдеу, дыбыс жүйесі, тіпті фотозона қосылған. Бағаны салыстыру үшін не кіретінін білу керек. Ал бұл ақпаратты табу — аптаға созылады.

Бір тойхананы іздейсіз — сайты жоқ. Екіншісінің бағасы ескі. Үшіншісіне хабарласасыз — телефон көтермейді. Таныс Instagram бетін тауып, жазасыз — күтесіз.

Міне, сондықтан біз Neke.kz жасадық.

Біз Қазақстандағы тойханаларды бір жерге жинадық. Әр тойхананың сыйымдылығын, бір адамға бағасын, шарттарын, бонустары мен қосымша қызметтерін көре аласыз. Бәрі бір бетте — хабарласпай-ақ салыстыра аласыз.

Қалай жұмыс істейді?

Қалаңызды таңдаңыз — сол қаладағы тойханалар тізімі ашылады. Әрқайсысының сыйымдылығын, бағасын, пікірлерін көріп, салыстырасыз. Ұнағанына тікелей хабарласасыз. Делдал жоқ, қосымша төлем жоқ.

Қазір тізімде Түркістандағы тойханалар, Қызылордадағы тойханалар және Тараздағы той мекенжайлары бар. Тізім үнемі толықтырылып отырады.

Тойхана таңдағанда нені білу керек?

Ең жиі қателік — тек бағаға қарау.

Арзан тойхана арзан болып көрінеді. Бірақ зал жалдау бөлек, дыбыс жүйесі бөлек, көркемдеу бөлек — соңында қымбатқа түседі. Ал «қымбат» тойханада бәрі бағаға кірген болуы мүмкін.

Бағадан бұрын — мынаған қараңыз:

Сыйымдылық. Қонақ тізіміңізге +10–15% қосыңыз. Зал тым кіші — тар, ыңғайсыз. Тым үлкен — бос көрінеді. Біздің тізімде әр тойхананың нақты сыйымдылығы көрсетілген.

Бағаға не кіреді? Ас мәзірі ғана ма, әлде зал, дыбыс, көркемдеу қосылған ба? Бұл — ең маңызды сұрақ. Тізімде әр тойхананың бонустары мен қосымша қызметтері жазылған.

Шарттар. Өз тағамыңызды әкелуге бола ма? Сыртқы декоратор шақыруға рұқсат бар ма? Музыкаға шектеу бар ма? Алдын ала білмесеңіз — тойда таңқалатын боласыз. Біздің бетте шарттар нақты көрсетілген.

Пікірлер. Тойхананың өз суреттері әрқашан жақсы көрсетеді. Ал шындық — пікірлерде. Әр тойханаға қалдырылған шынайы бағалар бар.

Маңызды кеңес

Той маусымында (мамыр–қыркүйек) сенбі күндері ең бірінші броньдалады. Ең жақсы тойханалар 3–4 ай бұрын толады. Күніңіз белгілі болған бойда — бірінші тойхананы бекітіңіз. Асаба, фотограф, көркемдеу — бәрі содан кейін.
 
Тізімнен бастаңыз. Тойыңызға лайық мекенжай — осы жерде.