← Мақалалар
Отбасылық бюджет қалай басқарылады?
06.01.2024
Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор.
Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек.
Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?
Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде,
- Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;
- Киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар;
- Жаңартылуы керек жиһаз, жөндеу жұмыстары, көңіл көтеретін іс-шара шығындары секілді қосымша шығындар жазылуы тиіс.
- Киімдеріңізді бөліп үтіктемей бәрін бірге үтіктеңіз;
- Ыдыс-аяқты да бөлмей, бірге жуыңыз;
- Керексіз жарықтардың жануына жол бермеңіз;
- Жуынғанда судың ағысын баяулататын арнайы құралғы тағыңыз;
- Азық-түлікті аларда арзан алу үшін арнайы дүкендерге баруға ерінбеңіз;
- Супермаркеттерге барарда алдын ала тізім дайындаңыз және тек сол тізім бойынша сауда жасаңыз.