Танымал кореялық әнші Рейн мен актриса Ким Тхэ Хи отбасын құрды

Танымал кореялық әнші Рейн мен актриса Ким Тхэ Хи отбасын құрды

Танымал кореялық әнші Рейн мен актриса Ким Тхэ Хи отбасын құрды. Бұл жайында оңтүстік кореялық басылымдар хабарлады.

Рейн мен Ким Тхэ Хидің үйленетіндері жайлы 17 қаңтар күні белгілі болған. Бұл жаңалыққа олардың тыңдармандары сенбеген. Сол себепті, Рейн (Чон Джи Хун) өзінің отбасы құратынын және таралған ақпараттың растығын инстаграмға өз қолымен тыңдармандарына арнап жазылған хатымен растаған.

«Менің алғаш сахнаға шыққаныма 16 жыл болды. Осы 16 жылдың ішінде менің тыңдармандарым бойжетіп жақсы жар, бақытты ана атанып жатыр. Мен де өз отбасымды құрып оның басшысы болғым келеді, сондай-ақ ең керемет әйелдің жары болғым келеді. Ол менімен қайғыда да бақытты сәттерімде бірге бола алды.

Тойымызды тыныш, әрі өз туыстарымыздың арасында өткізгіміз келеді, себебі, қазір Корея үшін оңай кезең емес. Тойдың қашан және қайда болатынын айтпайтынымды сіздер түсінеді деп ойлаймын. 

16 жыл бойы маған арнаған сезімдеріңіз бен сенімдеріңіз үшін алғыс айтамын. Болашақта актер ретінде, әнші ретінде сіздерге тек жақсы жақтарымнан көрінемін деп ойлаймын. 

Ол менің ең үлкен сыйлығым.»

34 жасар әнші Рейн мен 36 жасар актриса Ким Тхэ Хи 2013 жылдан бері кездесіп жүр. 2015 жылы олар отбасын құрды деген ақпарат тараған болатын.

Әнші, әрі актер Рейн қазақстандықтарға «Ыстық ұя» сериалы арқылы жақсы таныс. Ол түскен «Я киборг, но это нормально», «Ниндзя-убийца» кинолары әлемге жақсы танымал. Ал, актриса Ким Тхэ Хи «Айрис», «Қарғыс атқан махаббат» сериалдары арқылы жақсы танымал.

1 Comment

  1. probinanba:
    Ваш комментарий ожидает одобрения. Это его предварительный просмотр, комментарий станет видимым для всех после одобрения.

    Так, компания RiverSlot считается очень качественным производителем, который старается часто выпускать увлекательные и неповторимые автоматы. Звоните или пишите, всем ответим! Бонусный тур открывается после того, как на барабанах появится три скаттера. Играть на игровом автомате Wild West онлайн. Правила игры на игровых слотах Вайлд Вест. Кроме того, символами здесь выступают тематические изображения, что также влияет на общий вид игры. Для этого ему придется кликнуть по кнопке STOP.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *