Зульфия Чиншанло Қытай азаматына тұрмысқа шықты

1
1053
Зульфия Чиншанло тұрмысқа шықты

Әлемнің екі дүркін чемпионы, Лондон олимпиадасының жеңімпазы Зульфия Чиншанло тұрмысқа шықты деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Штангистка заңды некелерін Алматы қаласында тіркеген.

Чиншало өзінің жарымен Қытайда ауыр атлетикамен бірге айналыса бастаған кезден бастап таныс екендерін айтады. Қазір, жары ауыр атлетикамен айналыспайды. Жолдасы біздің зілтемірші қызымызды әр қашан қолдап жүрген, олар тек демалыс кезінде ғана жолығып қалған уақыттарында тек интернет арқылы араласып тұрған.

Чиншанло Олимпиада ойындарын жеңгімпазы атанғаннан соң күйеуі Алматыға келіп некелерін заңдастырған. Үлкен той жасап барлық жұртқа жариялауды өздері қаламаған. Бұл жайында аз адам ғана білген. Некелескеннен кейінде спортшы бұл жайында ешкімге  айтпаған. Шу болмауы үшін спортшы қыз қазір де жолдасының есімін атамай отыр.

Қазір спортшы қызымыз Текелі қаласында Польшада өтетін чемпионатқа дайындық үстінде.

Естеріңізге сала кетсек, биыл барлық Лондон олимпиадасының жеңімпаздарына демалыс берілген болатын. Штанисттерге жеке өмірлерін қалыпқа келтіруге бұл үлкен мүмкіндік болды. Осы демалысты пайдаланып,  Майя Манеза Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шығып, жақында Арсений атты ұлды болды. Ал Светлана Подобедова болса, шілде айында Владимир Седовке тұрмысқа шыққан болатын.

Бізде өз кезегімізде елдің абыройын асқақтатып жүрген спортшыларымызға бақыт тілейміз!

1 пікір

Пікір қосу