Жүктіліктің алғашқы белгілері

0
2353

Жүкті болғаннан кезде әйел адамның ағзасында өзгеге көрінбейтін «жүкті болдың» деген жазуы бар қызыл перен басылса ғой, шіркін! Әттеген-ай, жүктіліктің бастапқы апталары кейде мүлде белгісіз өтеді. Ал жатырдағы баланың дамуын дұрыс қадағалау үшін жүктіліктің мерзімін тура анықтау керек. Сол себептен, әйел адам қашан жүкті болғанын нақты білген абзал. Жүктіліктің алғашқы белгілері:

1. Етеккірдің кешігуі

Әрине, ең алғаш жүктілік жайлы ай сайн келіп тұратын етеккірдің кешігуінен білуге болады. Қазіргі кездегі жүктілік тестілерін етеккір кешігуінің алғашқы күнінен бастап-ақ қолдануға болады. Дәлдігі жоғары тест жүктіліктің басталғанан бірден көрсетіп береді. Алайда, тест тек бір жолақшаны көрсетіп тұрғанның өзінде, оған 100% cенуге болмайды. Бұл тестті дұрыс қолданбағандықтан болуы мүмкін. Еттеккірдің басқа да кешігетін себептерінің бар екенін де ұмытпаңыз (ағзаның аурулары, стресс, жақында қабылдаған анитибиотик курсы, аклиматизация және т.б.)

2. Базальды температураның көтерілуі

Егер сіз дененің базальды температурасын тексеріп жүретін болсаңыз, онда  оның овуляциядан кейін бірнеше күн бойы шамадан жоғары болып тұратынын байқайсыз. Егер жүктілік орын алмаса, температура төмендей бастайды.

3. Жүректің айнуы

Тағы бір кеңінен тараған белгілердің бірі — жүрек айнуы. Көп жағдайда бұл әйел адамды таңертең ояна салысымен мазалайды. Бірақ, күні бойы да жүрек айнуын сезініп жүрген болашақ аналар аза емес. Әрине, сіз ұйықыға кетер алдында майлы тамақ жеп қойған болсаңыз, таңертең жүрек айнуынан ояну үшін жүкті болудың керегі де жоқ.

4. Омырауыдың өзгеруі

Жүкті болған әйелдер көп жағдайда омыраудың ауыратынын байқайды. Ол етеккір келетін кезде де ауыруы мүмкін. Сондықтан, омыраудың басқа да өзгерістеріне назар аударыңыз: емшек ореолы түсін өзгертеді, омырау тамырлары анығырық көрінеді, т.б.

5. Қынаптан шыққан бөлінулердің өзгеруі

Прогестерон гормонының өсуі қынаптың бөлінулерінің өзгеруінің себебі болады. Кейбір әйелдердің бөлінулері азайса, басқаларының бөлінулері күшейуі мүмкін.

6. Кіші дәреттің жиіленуі

Жүкті болған жағдайда, жатырдағы эмбрион ХГЧ гормонын бөледі. Ол гормон әйелдің жамбас бөлігінің қан жүйесін көбейтеді. Сол себептен, болашақ аналар кіші дәрет алу қажеттілігін жиі сезінеді.

7. Иіс сезудің өзгеруі

Жүктілік мүлдем бір де бір белгісіз басталмайды. Егер болашақ анада жоғарыда айтылған белігілердің бірі де болмаса, иіс сезу қабілеті өзгеруі мүмкін. Бұған дейін ұнаған иістерден жүрек айнып, ұнамаған иістерге құмарлықтың артуы — жиі кездесетін жайт.

8. Эмоциялардың күрт өзгеруі

Ағзадағы өзгерулер гормондарға тікелей байланысты. Ал жүктілік кезінде «гормондардың әткеншегі» басталады. Сол себептен, әйел адам өзін бірде қуанышты, бірде мұңлы сезінуі мүмкін.

9. Безеулердің пайда болуы

Аталмыш гормондар болашақ ананың гормоналды фонын өзгерте бастағанда, ең алдымен бұл бет терісіне әсер етеді. Үнемі таза бетте түрлі безеулер пайда болуы мүмкін. Ал кей жағдайда, керісінше, маза бермей жүрген безеулер кенеттен өзінен өзі жоқ болы мүмкін.

10. Мұрының бітелуі

Жүктілік кезінде әйел адамның имундық жүйесі төмен деңгейде болады. Бұл табиғи процесстің өзіндің мәні бар: болашақ ананың ағзасы жатырдағы баланы жат дене ретінде қабылдап қалмау үшін. Төмендеген иммунитеттің кесірінен болашақ ана аурушаң болып келеді. Сол кезде мұрын суық тигеннен жиі бітелуі мүмкін.

Ақпарат comode.kz сайтынан алынды

Пікір жоқ

Пікір қосу