Жүктіліктен кейінгі төсек қатынасы

3
8200
Жүктіліктен кейінгі төсек қатынасы

Өмірге бала келісімен отбасылық өмір түбегейлі өзгереді. Ананың бар ойы ерінде емес, баласында болады. Мұндай кезде әйелі күйеуімен арасының суып бара жатқандығын байқамайды. Сондықтан, төсек қатынасы туралы да ұмытпаңыз.

Көптеген әйелдер үшін босанудан кейін жыныстық қатынасқа түсу қиынға соғады. Өйткені, олардың сөзінше, бұл оларға ең алғашқы төсек қатынасын еске түсіреді. Ал өзгелері, тіпті, перзентханада жатып-ақ ерін сағынады. Бірақ, өкінішке орай, ондай әйелдер қатары аз.

Статистика мәліметтері бойынша, жаңа босанған әйелдердің 50%-нда алғашқы 3 айда жыныстық қатынас мәселесінде қиындықтар болады. 18%-ы жыл бойы төсек қатынасынан ләззат  алмайды.

Жаңа босанған соң жыныстық қатынасқа 4-6 апта өткізіп барып түскен дұрыс. Өйткені, осы аралықта ғана жатыр өзінің бұрынғы қалпына келіп үлгереді. Көлемі қайта кішірейіп, бала жолдасының жатыр қабырғасына жабысқан жеріндегі жара жазылады. Егер жазылмаған жараға жыныстық қатынас кезінде инфекция түссе, эндометрит – яғни жатыр қабынуы пайда болады.

Қынаптың да өз қалпына келуі үшін біраз уақыт қажет. Өйткені, босанғаннан кейін ол созылыңқы күйде болады. Көбіне 6-шы аптаға таман көлемі кішірейеді. Бұл үдерістің қалыпты жүруі үшін гинекологтар бұттағы бұлшықеттер мен қынапқа арналған Кегель жаттығуларын жасауды ұсынады.  Бұл жаттығу сексуалды тонус пен қан айналымды жақсартуға және оргазмды қадағалауға мүмкіндік береді. Қандай бұлшықеттерді жаттықтыру керектігін білу үшін несеп шығару барысында бір сәт тоқтап қалып, дәл сол кезде қандай бұлшықеттер жұмыс жасап тұрғандығын сезініңіз. Міне, соларды жаттықтыру қажет. Бір қатайтып, бір босатып отыру керек. Алдымен жай, сосын тезірек қарқында қайталаған жақсы нәтижеге жеткізеді. Мұны кез келген уақытта, тіпті, кереуетте жатып та жасауға болады.

Ләззат алуға не кедергі?

Эстрогенді гормон жетіспеушілігінен болатын қынаптың құрғақтығы босанғаннан соң төсек қатынасына кедергі.  Мұндай кезде қынапты ылғалдандырушы арнайы гельдерді қолданған дұрыс. Гельді дәріханалардан таба аласыз.

Сонымен қатар босану барысында болған көптеген жарақаттардың салдарынан алғашқы жыныстық қатынас кезінде әйел ауырсынуды сезінеді. Тіпті, бұл жарақаттар бірден жоғала қоймайды. Сондықтан да әйелдер төсек қатынасынан әрдайым қашқақтайды. Кейде, тіпті, өз еркінен тыс жыныс мүшесінің енуіне кедергі жасап, қарсыласуы мүмкін. Мұндай кезде «шабандоз» немесе «бетпе-бет» дене қалпын таңдап, өзін барынша еркін ұстауға тырысу керек. Осылайша, ердің әр қозғалысын қадағалап, ауырсынуды болдырмауға тырысасыз. Сонымен бірге қынаптың құрғақтығын азайту үшін эфир майларын қолдануға болады.

Ал босану кезінде тігіс жүргізілген болса, жыныс мүшелеріндегі тыртықшаларға арнайы жақпа майлармен массаж жасауға болады. Егер уқалауды еріңіз жасаса, емдік шаралармен қатар эротикалық массаждан ләззат алатын боласыз.

Ақпарат comode.kz сайтынан алынды. 

3 Пікір

  1. Менин турмыска шыкканыма бир жарым жыл болды. Жасым болса 20га келди. Бирак али бала котере алмай журмин. Ол ненин асеринен болуы мумкин жане не истеуге болады? Менде осы уакытка дейн жыныстык катынаска деген ешкандай кулшыныс болган емес. Мумкин сонында асеринен бе деп те ойлаймын. Не истеуге болады?

  2. БИСМИЛЛЯХИ РАХМАНИР РАХИМ.АЛЬХАМДУЛЛИЛЯХИ РОББИЛ АЛАМИН.УА АССАЛАТУ УА АССАЛЯМУ УА ЛИЛ КАРИМ.АССАЛЯМУ АЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХУ МУСЫЛМАН ЖАМАГАТ.Кеше осы сайтка жаксы ниетте кирген едим.Сиздердин жазган аниме Дерини Злин басын окып ары карайгысына датим шыдамады.Иманды алсиретеди екен.Биз 100% имиздин 98% миз осы зинакорлыкпен айналысып ягни некесиз тосекте болсак ертенимиз кандай болмак.Биздин балаларымыз онда 5-6 жастарынан бастап зина жасайтын болар.АстагфирАлла.Ата анадан тыгылп куна жасауга болатын шыгар.бирак Аллахтын алдында оны жасыру мумкин емес.Баринизде Алланын барына сенесиздер ия? Олай болса Аллах тагала биздер ушин ШАРИГАТ занын орнатты.Аллах тагала бизден артык билуши.ол Куранда бир нарсеге тиым салды ма демек онын артында бирге кайыр бар.Аллах тагала Куранда «Зинакорларды…некесиз косылгандарды жек коремин..олар созсиз тозактык»деди…Тозак азабын билесиздер ма кандай екенин?Менде раньше Шаригат жолымен журмеуши едим.Бирак Аллах калаганы денелериме Аят…сурелер Аллахтын жазуы пайда болды…Содан бери мен Аллах улы екенин….Аллах Куранда не айтса дал келетинине козм жетти.Аллах тагала Куранда «Мен адамдармен жындарды тек озиме гана кулшылык ету ушин жараттым»деген…Зария суресинин 56 аят…Аллах тагала Зинаны харам кылды…Ал енди зинакордн жазасы жазасы кандай болады…ЗИНАҚОРДЫҢ ЖАЗАСЫ

    Бірде Пай ғамбарымыз (ﷺ) түс көреді. Түсінде оған Жәбірейiл мен Микайл періштелер келеді. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Біз жолға шықтық. Тандырға ұқсас бір ыдыстың қасына келдік. Одан жантүршігерлік дауыс естілді. Қарасақ, оның ішінде жалаңаш еркек пен әйелдер бар екен. Әлгі ыдыстың астынан от жанып, от алауы оларға тиген сайын айқайлап шыңғырып жатты… Тандырға ұқсаған ыдыс ішіндегілер зинақор әйел мен еркектер болатын» дейді. (Имам Бұхари). Сондай-ақ басқа бір риуаятта тозақта «қайғы құдығы» деген жылан мен шаяндар мекендейтін ойпат бар. Шаянның үлкендігі қашырдай (есектен үлкен, аттан аласа жануар) болады. Оның уға толы жетпіс инесі болады. Ол зинақорды шағып, оның азабы мың жылға жетеді. Сосын зинақордың денесі ыдырап, жыныс мүшесінен қан мен ірің ағады. Егер зина жасаушы отбасылы адам болса, оларға қабірде бүкіл үмметке берілетін азаптың жартысы беріледі делінген. «Тозақтың жеті қақпасы бар» деген Хижр сүресінің 44-аятының тәпсірін Ато есімді ғалым былайша тарқатады: «Тозақ қақпаларының ең қорқынышты әрі қайғылысы және ыстығы мен сасығы – біле тұра зина жасағандар кіретін қақпасы». Иә, Алланың сүйіспеншілігіне бөленген құлдарына жәннат қақпалары айқара ашылса, өкінішке қарай, жиіркенішті қылықтарды жасауда алдына жан салмағандар үшін Жарат қан ның жазасы осы болмақ.»
    ©Имам Заһабидің «Үлкен күнәлар» кітабынан.

Пікір қосу