My Weblog: kutahya web tasarim umraniye elektrikci uskudar elektrikci umraniye elektrikci istanbul elektrikci satis egitimi cekmekoy elektrikci uskudar kornis montaj umraniye kornis montaj atasehir elektrikci beykoz elektrikci

Жүкті әйелдердің көпшілігі ісік патологиясына жолығады. Ол тінде артық сұйықтық жиналуынан пайда болады және кей аурулардың бастапқы белгісі осы. Олардың арасында кардиологиялық, зат алмасу, бүйрек аурулары және аллергия болуы мүмкін. Олардың барлығы болашақ анаға физикалық және психологиялық қолайсыздық туғызады. Жүктілік кезіндегі ісіктің ұлғаюы сулы-тұзды алмасудың өзгеруіне негізделген.

Жүктілік кезіндегі ісіктің пайда болу себептері. Бұл құбылыстың 4 стадиясы кездеседі:

Ісіктің бар-жоғын тексеру қиын емес. Ол үшін теріні саусақтарыңызбен қаттырақ басу керек. Егер тері бірден орнына келсе, ісік жоқ. Егер кішкене шұңқыр із қалса, ісік бар болуы мүмкін.

Жүктілік кезінде ісіктің алдын алу.

Ең тиімді шешім — таза су ішу. Суға лимон қосуға рұқсат етіледі. Шырын, кофе және газды сусындардан бас тартқан жөн.

Алдын алу шаралары ісікке итермелейтін барлық факторды ескере жасалуы керек:

Бұл шаралардың барлығы қандай да бір қарсы көрсетілім болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Таза ауада серуендеуге көп уақыт бөлу керек. Ұйықтайтын кезде аяғыңызды сәл жоғары көтеріп жатқан жөн. Аяғыңыздағы ісікті суық ванна, табан массажы және кептірілген өрік қайнатпасы жеңілдетеді. Кептірілген өрік қайнатпасын дайындау үшін өрікке қайнаған су құйып, түнге қалдырыңыз. Таңертең оны тамақ ішер алдында 30-40 минут бұрын ішу керек.

Тұз — сұйық ағзадан шыға алмауының бірден-бір себебі. Сондықтан барлық дайындаған тамағыңызды шала тұздаңыз. Статистика бойынша, жүктілік кезіндегі тұздың қалыпты мөлшері 8 г, ал қалыпты жағдайда 14 г екен.

Дереккөз: Massaget.kz

Пікір жоқ

Пікір қосу