Жолаушы келіншек «Тұлпар-Тальго» пойызында босанды

0
1109
«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызымен Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушы келіншек жолда босанып қалды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур Асылханов хабарлады.
«Жолаушы Гүлзия Әбеуованың толғағы 21 қыркүйекте тағы сағат 7.00-де басталған. Пойыздың жетекшісі Эльмира Егембердиева жедел шаралар қабылдап, жолаушылар арасынан гинеколог Мария Сомидоцкихты көмекке шақырды»,-дейді ол. Келіншек жолда аман-есен босанып, дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелген.
Оның сөзіне қарағанда ана мен бала Алматы -2 станциясында жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған. Сәбидің есімін Арлен деп қойған. Ол — келіншектің босануына көмектескен жігіттің есімі екен.
Бұндай оқиға «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызында алғаш рет кездескенін айтады, баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі ҚазТРК

Пікір жоқ

Пікір қосу