Жігіттердің көбі үйленуге тамыз айында ұсыныс білдіреді екен

0
1925
неке жүзігі

Сарапшылар неке жүзігін сататын ювелир дүкендерін аралап, арнайы зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, жігіттердің нәзік жанды аруларына үйлену туралы ұсынысты көбіне тамыз айында жасайтындығы анықталды.

неке сақинасы

Статистика бойынша, неке жүзіктерінің ең көп сатылатын уақыты тамыз айы болып шықты. Жаз мезгілінің соңына қарай неке сақиналарының сатылу деңгейі өзге айлармен салыстырғанда 3 есеге артады.

Жүзікті сатып алушылардың 70 пайызы алғаш рет отбасын құрғалы жатқандар. Ал 15 пайызы екінші немесе үшінші рет үйленушілер. Отбасын құрушылардың 19 пайызы ұзақ жылдар бойы азаматтық некеде тұрып, өз өмірлерін енді ғана заңдастырғалы жүрген ер-азаматтар мен әйелдер болып шықты.

Үйленушілердің дені 25-29 жас аралығындағы жігіттер болып шықты.

Ақпарат внюс.кз сайтынан алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу