«Жігіттер» тобындағы Ердос екінші рет әке атанды

3
3827
Ердос Қанаев әке атанды

Кеше, яғни 19- ақпан күні «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев екінші рет әке атанды. Бұл ақпаратты «Жігіттер» тобының пиар менеджері  Маржан Садуақасова өзінің твиттер желісінде хабарлады.

Ердос Қанаев отбасымен
Ердос Қанаев отбасымен

Естеріңізге сала кетсек, Ердос Қанаев жары Айданамен 2010 жылы отбасын құрып, 2011 жылы тұңғыштары Әбдірахим атты ұлдың әкесі атанған болатын. Ұлына есімді жары Айдана екеуі алдын-ала ойластырып, өздері қойған. Бұл жайында Ердос өзі «Жұлдыздар отбасы» журналына берген сұхбатында айтқан болатын:

Келіншегімнің аяғы ауыр кезінде-ақ ат іздей бастадық. Ұл болса мынадай, қыз бала болса анадай деп ойлап та қойдық. Қазір медицинаның дамыған заманы ғой. Дәрігерлер ұл екенін айтты. Содан Құраннан Әбдірахим деген есімді таңдадық. Бұл – арабша есім. Абду – «құл» дегенді білдірсе, Рахим – Алланың «мейірім» мағынасындағы есімдерінің бірі. Перзентіміз мейірімді Алланың сүйікті құлы болсын деген ниетпен осы атқа тоқталдық. Адамға берілген есімнің оның алдағы тағдырын бағдарлауда өзіндік үлесі бар көрінеді.

Қазірше білгеніміз, Ердос екінші ұлына әлі есім таңдамапты. Анасы мен сәбидің халі жақсы. Перзентханадан дүйсенбі күні шығатыны белгілі болды.

Екі ұлдың ата-анасы атанып үлгерген Ердос пен Айданаға ұлдарына бауы берік болсын айта отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз. Өмірге жаңа келген сәби-  ұлт азаматы болсын!

Суреттер «Жұлдыздар отбасы» журналының сайтынан алынды.

3 Пікір

Пікір қосу