Жетігенші Қорлан Картенбаева тұрмысқа шығады

1
2305
Жетігенші Қорлан Картенбаева тұрмысқа шығады

Танымал жетігенші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің бұрынғы мүшесі  Қорлан Картенбаева қазан айының 25- жұлдызында тұрмысқа шығады.

Қорлан Картенбаева

Танымал жетігенші Қорланның таңдауы Қытай елінің азаматы, танымал ән өңдеуші Ақиқат Қалиоллаұлына түсіпті. 25- қазан күні Алматы қаласында ұзату тойы, 30- қазан күні Қытай елінде екі той болмақшы.

Қорлан мен Ақиқат

Белгілі болғандай, Қорлан өзінің болашақ жары Ақиқатпен Қытайда ән мен күй жаздыру кезінде танысқан. Ол кісінің өнері мен адамгершілігі нәзік жүректі жетігенші қызымыздың жүрегін бірден жаулаған. Қорлан, Пекин қаласындағы консерваторияға сабақ беруге шақырту алып, жолдасымен  3-4 жыл Пекин қаласында тұратынын жеткізді.

Сайтымыздың атынан екі жасқа отбасылық бақыт, шаңырақтарының биік, босағаларының берік болуын тілейміз!

1 пікір

Пікір қосу