Жұлдыздар отбасы

7
9479
Тоқтар мен Бейбіт үйлену тойы

Алдыңғы жазбамызда жұлдыздардың үйлену той суреттерімен бөліскен едік, оқырмандарымыз басқа да жұлдыздардың үйлену тойындағы суреттері мен отбасының суреттерін салуды өтінді. Біз де өз сөзімізде тұрып, тағы да біраз жұлдыздардың жеке өмірінің суреттері мен бақытты шақтарының суреттерімен бөліскіміз келеді. Ең қызығы, біздің жұлдыздардың үйлену той суреттерін табу өте қиынға түсті, өздерінен сұрағанымыз да көбі бере алмайтынын айтып бас тартты. Дегенмен, біраз сурет жинап алдық, сіздердің назарларыңызға қазіргі кездегі танымал әнші қыздарымыз бен танымал жұлдыздарымыздың үйлену тойы мен отбасылық суреттерін ұсынамыз:

Әсел Сағатова жолдасы Радий Мұхаметжановпен 2010 жылдың маусым айында отбасын құрып, үйлену тойларын Астана қаласында жасаған болатын.  Әселдің той көйлегінің бағасы 10 000 евро тұрған екен. Интернет беттерінен Әселдің тойының, жолдасының суреттерін таппадық, бірақ Әсел Сағатованың үйлену тойындағы  көйлекінің суреттерімен сіздермен бөліскіміз келеді:

 

Дильназ Ахмадиева Ахмад атты бизнесменмен 2011 жылдың қыркүйек айында отбасын құрды. Дильназ Ахмадиева үйлену тойы көйлегі әлемдік дизайнер Wera Vongтың көйлегі болды. (суреттер Тенгри ньюс сайтынан алынды).

Қарлығаш Мұхаметжанова Бекболат Балғынбаев атты азаматқа 2012 жылдың қыркүйек айында тұрмысқа шығып, осы жылдың мамыр айында әдемі сұлу қыздың анасы атанды. Қарлығаш Мұқаметжанованың үзату тойына киген сәукeлесі кез-келген аруды таңдандырды.

Баян Есентаева 20 жасында тұрмысқа шығып, қазір Айсауле және Аяру атты екі қызды тәрбиелеп өсіріп отырған ана, танымал продюссер. Баян Есентаеваның отбасының суреттерін ұсынамыз:

Бейбіт  Сейдуалиева мен жолдасы әнші Тоқтар Серіков екеуі қазақ эстрадасының ең романтикалық жұбының отау құрғанына да 5-6 жылдың жүзі болып қалыпты. Қазіргі кезде Беколжас атты батырды тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Бейбіт пен Тоқтардың үйлену тойы кезіндегі суреттері мен отбасылық суреттерін көріңіздер:

Жұлдыздарымыздың бәріне отбасылық бақыт тілей отырып, өнерлеріңіз өрлей берсін демекпіз!

7 Пікір

  1. Кейбiр суреттердi бiрiншi рет осы сайттан көрiп отырмын, керемеееет, рақмет! Тоқтар мен Бейбiттi жақсы көрем!!!

  2. Сайттарыныз өте керемет екен. Барлық мәліметтерді алуға болады. Осыны ұйымдастырған ұжымға алғыс айтамын. Рахмет.

  3. Кайрат Нуртастын андери маган катты — катты унайды. мен кайратка алдынгы уакытта шыгармашылык табыстар тилеймин.

Пікір қосу