Ұзатылар қызға тілек

0
8723
қыз ұзату, тілек, тойға тілек

Тілеуің тілеп тұрды аппақ,

Қимайды іштей ата-ана

Қыз едің өскен бұлғақтап,

Аттайсың бөгде босаға.

Әлпештеп басқан бауырға,

Кем көрмей ұлдан шалқытып.

Ата-ана қадып ауылда,

Асықтың тұр деп жат күтіп.

Ананың жолын жалғадың,

Жат жұртқа кетіп барасың.

Сүюді татып бал дәмін,

Жарыңмен тапқын жарасым.

Бақыт бол барған жеріңе,

Жүзіңе кірбің жуымай.

Береке қонсың төріңе,

Демесін жаман қылығы-ай.

Қылығың түзде-ержеттің,

Ие бол ақыл-тізгінге.

Гүлі бол барған әулеттің,

тастай бат, судай сіңгің де.

Тіршілік деген майдан бұл,

Өмірдің әлі сыны алда.

Жарыңмен бірге жайнаған

Ұқсағың асқақ шынарға!

 

Пікір жоқ

Пікір қосу