«Заман» тобының әншісі Асет Қарабалин отбасын құрмақ

1
2851

«Заман» тобының әншісі Асет Қарабалин отбасын құрмақ. Бұл жаңалықпен Асеттің өзі инстаграм әлеуметтік желісінде бөлісті.

11378937_400218320165491_31434236_n

22- маусым күні қызыл роза гүлдері мен жүзік салған қыздың суретін салған Асет: «Керемет айда, үлкен қадам басталды!!! #құда_тусу #сырға_салу #беташарымай«, — деп жазды. Соған қарағанда Асеттің тарапынан қызға ұсыныс жасалған сияқты. «Заман» тобының тыңдармандары Асетті құттықтауға асықты. 

11348346_577579792382768_1427457433_n

Ертесі күні Асет әдемі, нәзік арудың суретін салып «Алла қосқан сүйген жарым! 💑 #жуырда #той«, — деп жазды. Әзірге қалыңдық жайлы еш ақпарат жоқ. 

Әсеттің тойға дайындалып жатқанын өнердегі жолдасы Нұрлан Еспановта хабарлады. Ол Асетпен бірге түскен суреттерін жариялап «Асет бауырымның тойына ақылдасып отырмыз! Тойға дайындық!«, — деп жазды.

Ал, Асеттің өзіне хабарласқанымызда тойдың тамыз айынан ары қарай болатынын хабарлады. Той күні жақындаған кезде Асет бізді жұмбақ арумен таныстыратынын айтты.

1 пікір

Пікір қосу