Құйрық — бауыр жегізу салт-дәстүрі

Қыз ұзатып, келін түсіретін әр шаңырақта «Құйрық бауыр» асату салты жасалады. Құйрық-бауыр құдалықтың басты заңдарының бірі. Оны әр жерде әр кезде беріледі. Мысалы: құдалар келген де немесе кетерге қарай. Бұл  салт тек қазақ еліне тән ұлтық  салт-дәстүр. «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» деген мәтел осыдан қалған… Бұл құдалық  дәстүр рәсімі болғанмен орны бөлек жай. Жаңадан келіп жатқан құдаларға ұсынылатын атында айтып тұрғандай құйрық пен бауырдан жасалынған тағам.

Бір тілім бауыр, бір тілім құйрықтан қойып, айранға шылап  «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар»деп тілек айтып бас құдадан бастап асатады. Құдалыққа келген барлық қонақтар ауыз тиеді. Құйрық-бауырды салып әкелген ыдысты бос қайтармай, ырым салып қайтарады. Бір құдалыққа бір қойдың бауыры мен құйрығының жартысы жетеді. Жаңа сойылған қойдың бауыры мен құйрығынан дайындаған жөн. Құйрықты суға асып алып, жіңішке етіп тіледі. Құйрықты да жеке қайнатып алып, тұз сеуіп жіңішкелеп турап, құйрықтың жанына салады. Сонымен қатар айран, пияз, қара бұрыш керек. Дәмін келтіру үшін.

Шығыс өңіріне сай құйрық-бауыр асату салтында мынандай жырлар айтылады:

Құда –құда деседі

Құйрық бауыр жеседі.

Құйрық бауыр жескен соң

Нағыз құда деседі.

Төрде отырған бас құда

Бас құда болсада

Сақалы бар жас құда

Мен ұсынған құйрықты

Жей ғойшы бас құда

– деп әннің мақымына салып орындап, құдалардығ аузына салып шығады.

Тағы бір мынандай жырдың нұсқасы бар:

Құда, құда дейсің-ау, әй,

  Құйрық-бауыр жейсің-ау, әй.

  Құйрық-бауыр жемесең,

  Несіне құда дейсің-ау, әй.

  Үлкен құда, бас құда,

  Кіші құда жас құда.

  Құйрық-бауыр әкелдім,

  Ауызыңды аш, құда.

 

  Үлкен құда ардақты-ай,

  Кіші құда салмақты-ай.

  Құйрық-бауыр асатсам,

  Тістеп алма бармақты-ай.

  Үлкен құда әнекей-ау,

  Кіші құда мінекей-ау.

  Құйрық бауыр асаттым,

  Кәделерің кәнекей-ау!

Оставьте комментарий