Үйлену тойына сырға таңдау

0
4282
үйлену тойға сырға таңдау

Қалыңдықтың ең айнымасы бөлігі- сырға. Сырғаны дұрыс таңдау қалыңдықтың әдемілігін арттыра түспек.

Сырғаны бетіңіздің формасына сәйкес таңдаған дұрыс. Алдымен бетіңіздің формасын суретке қарап анықтап алыңыз:

бет формасын анықтау

 

Бет формасына сәйкес таңдаған кезде ғана сырғаңыз өз образыңызды ашады. Төмендегі сурет арқылы бетіңіздің формасына сәйкес сырға түрін біліңіз:

бет формасына сәйкес сырға таңдау

Домалақ беттің формасын ұзын сырғалар жинақы етіп көрсетеді. Төрт бұрышты бетке тамшы сияқты сырғалар жарасады. Бетінің формасы сопақ болып келген арулар кез-келген сырғалар жараса береді. 

Ал енді үйлену тойына сырғау таңдау үшін біраз нәрселерді есте ұстау керек:

1. Шашыңыздың сәні мен көйлегіңіз қаншалықты күрделі болса, сырғаңыз соншалықты қарапайым болуы керек жәнеsyrga_3 керісінше  де көйлегіңіз бен шаш үлгіңіз қарапайым болса сырғаңыздың ерекше болғаны дұрыс. Ең бастысы таңдаған бейнеңізгеде мән беріңіз, себебі кейбір стильдер үлкен, жарқыраған сырғалар мен сәндік бұйымдарды талап етеді.

2. Сырғаңыз басқа да таққан сәндік бұйымдарыңызбен үйлесіп тұруы керек. Егер сіз үлкен зергерлік бұйымдарды ұнатсаңыз тек біреуін ғана таққаныңыз дұрыс болады.

3. Сырғаңыздың түсіне мән беріңіз. Егер сырғаңыз көк болса сәкесінше көйлегіңізде көк түсті лента болса ғана ол сіздің бейнеңізді толықтырып, ерекше әдемілік беріп тұрады соны ескеріңіз.

4. Сырғаның салмағы мен бекіткішіне мән беріңіз. Бекіткіш мықты болмай сырғаңыз ауыр болса, сырғаңызды қыдыру кезінде жоғалтып алуңыз әбден мүмкін.

5. Қазақ көйлектерге таза күміс, гауһар көзді, лағыл көзді күміс сырғалар ерекше жарасатынын естен шығармаңыз. Алтын сырғаларда қалыңдықтың бейнесін аша түспек.

Пікір жоқ

Пікір қосу