Үйлену тойына арналған кинолар үздігі

0
2002
той туралы кинолар

Әлемде қаншама адам болса, соншама махаббат тарихы мен олардың үйлену оқиғалары бар. Әр халықтың үйлену дәстүрі мен бірге үйленуге дайындығы әр қашан да бәрімізге қызық болмақ.  Бүгін біз сіздерге өзіміз көрген кинолардың ішіндегі үйлену тойына арналған кинолардың үздік бестігін  ұсынбақпыз. Сонымен:

Қалыңдықтар соғысы /Война невест/ Bride Wars/:

Кез-келген қыз үйлену тойын бала күнінен ойлап, жоспар құрып, армандап күтетін, қиялына ерік беріп армандайтын ең маңызды күн. Гарик Винник ұсынған бұл комедияда қыздардың үйлену тойға қалай дайындалып, әр нәрсеге қалай мән беретінін анық көрсетілген. Көйлек таңдау, торт таңдау, шақыру билет таңдау, той музыкасын таңдау бәрін-бәрін қамтыған. Себебі қыздар осындай ерекше күні бәрінің естен кетпейтіндей әсерлі болғанын қалайтын нәзік жандар.

Бала күнінен дос болған екі қыз үйлену той күніне жоспар құрып, бір-бірінің қыз жолдасы болуды арман етеді. Бірақ, өмір кейде адамдармен ойнағанды ұнатады ғой, қырсық қылғанда екі құрбының тойы бір күнде болатын болады…

Энн Хэтэуэй мен Кейт Хадсон сомдаған әр рөлдердің өз ерекшелігі бар, екі талантты актриса бұл фильмды үйлену тойы туралы фильмдердің ішінде ең бірінші орынға шығарды. Ал кинода Кейт Хадсон киген той көйлегі Вера Вонгтың көйлектерінің әсемдігін тағы бір рет паш етіп, әлемдегі әр қыздың арманындағы қалыңдық көйлегіне айналдырды. Айта кететін бір жайт, қазақстандық аруларда осы көйлекті көп сұрайды екен.

Ұсыныс/ Предложение/ The Proposal/: 

Жұмысты басқы орынға қойып жанұя құруды кейінге сыдырған Маргарет өзінің қатігез кәрі қыз бастық қана екенін кеш сезінеді. Оны бәрі талаптылығы мен қатыгездігі үшін жек көреді. Бірақ, Маргаретте адам болғандықтан да, ода да адами қиындықтар туындайды. Өзі өмір сүріп жатқан елде келімсек болған Маргаретке тез арада осы елдің азматына тұрмысқа шығып, сол елде қалу керек болады. Тез арада ол кімді таңдайды? Әрине, ол өз қарамағындағы Эндрюге сөз салады…

Сандра Баллок пен Райан Рейнольдс ойнаған бұл фильм 4 бірдей Mtv Movie Awards жүлдесімен қоса, Сандра Баллокқа «Алтын глобус» әкеледі. Ал бізге, қызықты әрі күлкілі тамаша фильм сыйлады.

Қалыңдықдар және ескішілдік/ Невесты и предрассудки / Bride & Prejudice /:

Джейн Остиннің «Тәккапарлық және ескерту» (Гордость и предупреждение) кітабының негізінде түсірілген ағылшындар мен үнді актерлары бірігіп түсірген кино.

Бес қыздары бар әке мен шешенің бар арманы қыздарын өздеріне сай адамдарға тұрмысқа беру. Бірақ, көздері ашық, көкірегі ояу арулардың арманы өздері ғашық болған жандарына үйлену болады. Үнді салт-дәстүрінің ескішілігі мен қазіргі заман талаптарын араластырып түсірген қызықты фильмдердің бірі. Салт-дәстүрдің ескішілдігі мен екі қоғамның үйленуге қатысты ұғымдардың айырмашылығы айқын көрінеді.

Айшвария Рай түскен бұл фильм әлем кино сыншыларының жоғары бағасын алып үлгерді.

Шақырылмаған қонақтар/ Незваные гости/: 

Бұл енді нағыз қазақ қонақтары туралы кино. Екі дос той маусымы кезде, той болатын жерлердің бәрін біліп алып тегін тойға барып жүреді. «Қыз жақтың сұраған адамдарға жігіт жақтан келген қонақпыз, ал жігіт жақтағыларға қыз жақтан келген қонақпыз» деп өздерін таныстырып, тойды көңілді тойлап, қызықтарды көріп өздерін тойға шақырған маңызды қонақтай сезініп жүреді. Бар мәселе екі жігіттің бірі ғашық болған кезде білінеді…

 Бізде қазақтардың тойында да осындай шақырылмаған қаншама қонақтар бар десеңізші? Себебі, жүзден кем адам шақырмайтын біздер бар туысқандарымызды танып білмейміз ғой кейде 🙂

Менің үлкен гректік үйлену тойымМоя большая греческая свадьба/ : 

Жасы 30 ға келген кейіпкер, өзінің енді тұрмысқа шығатынына сенімсіз еді. Алла үлкен сый жасап өзі армандаған ақ боз атты ханзадасымен жолықтырып тұрмысқа шығуға ұсыныс алады. Бірақ, ханзаданың ең басты кемшілігі оның грек болмауы еді… Әрине, бұл қалыңдықтың әкесіне онша ұнай қоймайды… Жанұямен отырып, біздің де салт-дәстүрмен салыстырып отырып көретін ерекше фильмдердің бірі.

Шет елдік кинолар бұл кинолармен тоқталып қалмайды, басында айтқанымызда қаншама адам болса соншалықты махаббат оқиғасы мен соншалықты үйлену тойы соншалықты қызықты фильмдерде көбейе бермек.

Ал, өзіміздің отандық фильмдердің ішінде үйлену тойына арналған фильмдерге келсек, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Тақиялы періште», «Гауһартас», «Қош бол Медеу», «Махаббат бекеті», «Жаралы жүрек», «Тракторшының махаббаты» сияқты киноларды атап өтпеуге болмайды. Келесіде әр өз туындымызға жекелей тоқталып өтетін боламыз.

Қазақ айтпақшы, «тойдан да тойдың боладысы қызық» деп той фильмдерінің көңілді болуы шарт, сондықтан да той алдында біраз шаршауды басып, көңіл көтеріп сергіп алыңыз!

Пікір жоқ

Пікір қосу