Үйлену тойға сыйлық: жас жұбайлар сайты

2
3341
жас жұбайлар сайты

Қазіргі дамыған заманда жастарға ұсынар сыйлықтың түрі де көбейген сияқты. Егер сіз және достарыңыз бен туыстарыңыздың бәрі интернетті кеңінен қолданатын болса, олар үшін ең керемет сыйлықтың бірі —  жас жұбайлардың үйлену сайты

Өзіңіз ойлап қараңызшы, жас жұбайлардың өздерінің жеке сайттары болады:

1. Ол ешқайда жоғалып кетпейді, интернет бар кезде ол да қол астыңда.

2. Той суреттері, екеуінің кездесу тарихы, жұбайлық өмір туралы блогтар, әр қуанышты сәттер- бәрі бір жерде, және достармен әлеуметтік желіде бөлісудің ең оңай жолы

3. Той жайында  сұрағандарға кез-келген уақытта сайт ашып көрсете алу немесе сілтемесін беру

4. Тойдың бар суретін еркін сала алады, тойға келген әр қонақ өзіне ұнаған суретін көшіріп ала алады. Тойға келе алмай қалған достарыңыз бар сурерттер мен видеоларды бір жерден көре алады.

5. Той кезінде тілек альбомына тілек жаза алмай қалған достарыңыз енді, сайттың тілек бөліміне қалағанынша тілек жаза алады.

6. Ең қызықтысы, жас жұбайлар тойдан кейінгі өмірлерін де сайт бетіне блог ретінде түсіре алады.

7. Ең бастысы бұл оларға ең керемет, есте қалатын ерекше сыйлық болмақ..

Егер сіз сайтты жастар үйленеміз деп шешкен кезде сыйласаңыз, онда танысу тарихынан бастап қалай сөз айтқанын, тойлары қашан, қай жерде, қонақтар тізімі оларды отырғызу ретіне дейін енгізіп қоюға болады.  Тіпті, қыз жолдас пен ұл жолдастың кім екенін де жазып қоюға болады. Қонақтармен пікір алмасуға да ақылдасуға да мүмкіндік болады.

Сонымен қатар, қыз ұзату мен құдалықта түсірілген суреттердің арнайы бөлімін ашып суреттерін жүктеуге мүмкіндік болады.

Технологияның дамыған заманында жас жұбайларға сайт сыйлау өте орынды деп ойлаймыз!

2 Пікір

Пікір қосу