Үйде гуйру ганфан пісіру

2
2687

Ганфан— шығыс асханасының дәмді тағамдарының бірі. Біз көбіне үйде гуйру ганфан пісіру қиын деп ойлаймыз, бүгін біз сіздерге үйде тез әрі дәмді қылып гуйру ганфан жасау жолын көрсетпекпіз. Көп көкеністер қосылғандықтанда дәмді әрі асқазанға жеңіл болмақ.

Гуйру ганфан жасау ішін бізге ең бастысы екі нәрсе керек, ол соя соусы және болгар переці. Бұл екеуінсіз жасасаңыз ол қарапайым ганфан болып кетеді. Сондықтан басты екі керек нәрсе өзгертпей басқа көкеністерді өз фантазияңызға қарай қосып жасай беруіңізге болады.

Гуйру ганфанға керек заттар:

    1. ет- 300-600 гр ет (қой еті, сияр еті)
    2. картоп 3-5 дана
    3. сәбіз 1 дана
    4. капустаның 1/6 бөлігі
    5. соя соусы 3-5 ас қасық
    6. болгар переці 2 дана
    7. пияз 1 дана

Алдымен етті көлемін ірілеу қылып жұқалап турап аламыз:

ганфанға ет турау

Табаға аздап сумай құйып етті  қуырып аламызда үстіне соя соуысының 3-5 ас қасығын құйып тағы қуырамыз.

ganfan_4

Ет әбден қуырылып болғасын үстіне туралған сәбіз, капустаны қосып қуырамыз

ganfan_6

 Үстіне картоп қосып тағы аз қуырамыз

ganfan_9

Бәрі қуырылған соң үстіне 2 вокал су құйып қайнатамыз. Егер ганфанның суының аз болғаныны қаласаңыз 1 — 1,5 вокал ғана су құйыңыз. Қатты бір қайнап алғасын астындағы отын басып баяу отта пісіреміз. Тұзының дәмін көріңіз, негізінен соя соусы тұзды болғандықтан қосымша тұзды қажет етпейді.

ganfan_11

 Бәрі қайнап жатқан кезде бөлек қазанға гарнирге күріш дайындаймыз.

ganfan_13

Бәрі піскен кезде үстіне болгар перецін саламызда астындағы отын өшіріп 10 минуттай өз буына бұқтырып қоямыз.

ganfan_8

Күрішіңіз дайын болғасын әр адамға бір табаққа астына күріш салып үстіне қимадан құйып бересіз. Қосымша укроп, көк пияз турап үстіне салып берсеңіз болады.

гуйру ганфан

Астарыңыз дәмді болсын!

2 Пікір

Пікір қосу