Үйде болоньез спагеттиін жасау

0
3007

Болоньез соусыитальяның ет қосылған танымал соустарының бірі. Болоньез соусымен көбіне пицца, спагетти немесе макаронның кез-келген түрін, лазанья дайындауға болады.

Болоньез соусының негізгі құрамы: тартылған ет (сиыр, қой етінен фарш), пияз, сәбіз, томат пастасы мен сорпадан тұрады.

Бүгін біз ұсынатын спагеттиге дайындалған болоньезге біз тартылған ет, бір үлкендеу сәбіз, бір бас пияз, бір болгар бұрышы, екі-үш бас сарымсақ қостық. Алдымен сәбіз, пияз, бұрышты ұсақтап төрт бұрыштап турап  аламыз.

 DSC_0186

Су май (пісте май) құйып етті салып қуырамыз оның үстіне туралған пияз, сәбіз, болгар бұрышын салып тағы қуырамыз. Сөлі шыққанша жақсылап қуырып аламыз.

DSC_0195

Оның үстіне үш ас қасық томат пастасын салып араластырып, 150- 200 мл су құйып аузын жауып пісіреміз. Сәбіз жұмсарып піскенше пісіреміз.

DSC_0200

Қимасы ақырын отта пісіріп жатқан кезде біз спагеттиімізді бөлек пісіріп аламыз. Спагетти ретінде қарапайым «Сұлтан» спагеттиін адам санына есептеп аласаңыз болады. Қайнаған ыстық суды мол қылып құйып ішіне спагеттиді салып, піскен кезде сүзіп аласыз. Әр тарелкаға спагеттиі салып оның үсітне болоньез соусынан құйып ыстықтай ұсыныңыз. Қамырдан жасалған тамақты жақсы көретін ер адамдарға бұл тамақ ерекше ұнайтынына сенімдіміз.

болоньез спагеттиі

Бұл тамақ түрі көп уақытыңызды алмайды. Астарыңыз дәмді болсын!

Пікір жоқ

Пікір қосу