Әйелдің күйеуі мен отбасы алдындағы парыздары

Ақ некесі қиылып, күйеуге тиген әрбір әйелдің мойнына мынадай парыз түседі:

  1. Ерін сыйлап құрметтеу, отбасының ашына айналып, тоғынау толғану, күйеуінің рұқсатынсыз орынсыз қыдырмау, басқалардың үйіне қонбау.
  2. Барына қанағат қылу, бір түйір дән, бір салым тұз болса да төкпей- шашпай пайдаланып, көрпеге қарай көсілу, үнемшіл, ұқыпты болу.
  3. Отбасына тыныштық, береке –бірлік орнатып, бастың амандығын, деннің саулығын тілеу. Үйді таза ұстау
  4. Күйеуінің артық-кем істеріне кешіріммен қарау, қыңыр қылық, теріс әрекеті болса,жұмсақ мінез, жағымды күлкі, риясыз адамгершілігі арқылы жөнге салып отыру, әрқашан беттен алып, төске шашпау.
  5. Бойына бала біткен күннен бастап, неғұрлым тежемді болып, іштегі перзентінің дені сау, ес-ақылы дұрыс, ата-анаға мейірлі болуын тілеу.
  6. Бойын, ойын жаман мінез, жат қылықтан таза ұстау. Перзентін адал еңбек, ащы терімен асырау. Арам, лас табыспен ауыздандырмау.
  7. Дене мүшелерін таза, пәк ұстау, үнемі жуынып, таранып, таза ретті жүру.
  8. Ары, қолы, ниеті таза болу, адал кәсіппен шұғылдану, отбасына арам олжа, лас дүние-мүлік кіргізбеу.
  9. Бала –шағасын  аш  -жалаңаш қалдырмау,өзгелерге қорлатпау, жәбірлетпеу. Ана тіліне қандырып, адамгершіліктің ақ жолымен тәрбиелеу, түрлі өнерімен үлгі –тағылымнан мақрұм қалдырмау.
  10. Күйеуінің ретті, таза жүруіне жауапты болу. Кірін жуып, киімін жамап, тамағын уақытында әзірлеп беріп, бұйырған жұмысына әзір тұру.

Аталған тәрбие келіннің отбасына, күйеуіне, ұрпағына, ата-енесіне, сондай-ақ, өзі келін болып түскен ауылына деген жауапкершілік және борыштық сезімін жоғарылатып, туыстық, жақындық, жанашырлық сүйіспеншілігін тереңдетеді әрі көпшіл, ұқыпты, үнемшіл, жомарт, ақылды болуға баулиды.

Қорыта келгенде, бұл тәрбиенің келіндерге, сондай-ақ, бүкіл әйелдер қауымына берер тәлім-тәрбиелік ролі мен ғылыми мән-мағынасы өте жоғары.

Оставьте комментарий