Әйелдің күйеуі мен отбасы алдындағы парыздары

7
6088
Әйелдің күйеуі мен отбасы алдындағы парыздары

Ақ некесі қиылып, күйеуге тиген әрбір әйелдің мойнына мынадай парыз түседі:

  1. Ерін сыйлап құрметтеу, отбасының ашына айналып, тоғынау толғану, күйеуінің рұқсатынсыз орынсыз қыдырмау, басқалардың үйіне қонбау.
  2. Барына қанағат қылу, бір түйір дән, бір салым тұз болса да төкпей- шашпай пайдаланып, көрпеге қарай көсілу, үнемшіл, ұқыпты болу.
  3. Отбасына тыныштық, береке –бірлік орнатып, бастың амандығын, деннің саулығын тілеу. Үйді таза ұстау
  4. Күйеуінің артық-кем істеріне кешіріммен қарау, қыңыр қылық, теріс әрекеті болса,жұмсақ мінез, жағымды күлкі, риясыз адамгершілігі арқылы жөнге салып отыру, әрқашан беттен алып, төске шашпау.
  5. Бойына бала біткен күннен бастап, неғұрлым тежемді болып, іштегі перзентінің дені сау, ес-ақылы дұрыс, ата-анаға мейірлі болуын тілеу.
  6. Бойын, ойын жаман мінез, жат қылықтан таза ұстау. Перзентін адал еңбек, ащы терімен асырау. Арам, лас табыспен ауыздандырмау.
  7. Дене мүшелерін таза, пәк ұстау, үнемі жуынып, таранып, таза ретті жүру.
  8. Ары, қолы, ниеті таза болу, адал кәсіппен шұғылдану, отбасына арам олжа, лас дүние-мүлік кіргізбеу.
  9. Бала –шағасын  аш  -жалаңаш қалдырмау,өзгелерге қорлатпау, жәбірлетпеу. Ана тіліне қандырып, адамгершіліктің ақ жолымен тәрбиелеу, түрлі өнерімен үлгі –тағылымнан мақрұм қалдырмау.
  10. Күйеуінің ретті, таза жүруіне жауапты болу. Кірін жуып, киімін жамап, тамағын уақытында әзірлеп беріп, бұйырған жұмысына әзір тұру.

Аталған тәрбие келіннің отбасына, күйеуіне, ұрпағына, ата-енесіне, сондай-ақ, өзі келін болып түскен ауылына деген жауапкершілік және борыштық сезімін жоғарылатып, туыстық, жақындық, жанашырлық сүйіспеншілігін тереңдетеді әрі көпшіл, ұқыпты, үнемшіл, жомарт, ақылды болуға баулиды.

Қорыта келгенде, бұл тәрбиенің келіндерге, сондай-ақ, бүкіл әйелдер қауымына берер тәлім-тәрбиелік ролі мен ғылыми мән-мағынасы өте жоғары.

7 Пікір

    • Негізі, бұндай жағдайлар Қазақстанда 2-3% ғана кездеседі. Егер балалардың шешесі ішімдік, наркотикалық заттарға әуестігі болып, балаларға қарамай кететін жағдайларда, шешесі жазылмайтын жұқпалы аурумен ауыратын жағдайда, психологиялық жетіспеушіліктер болған кезде акесінің қаралауына беріледі.
      негізі заң бойынша және өмірде баланың шешесімен қалғаны дұрыс дейді.

      • Егер балалардың шешесі ішімдік, наркотикалық заттарға әуестігі жок, бырак сана сезымы шектеулы, акылы аз, тарбиесы томен болса ше?

  1. Сəлеметсізбе. Сұрағым келгені, тура бір ай бұрын өзім сөйлесіп жүрген жігіт алып қашып, уйлендік. Беташар болды. Ауылдың молдасын уйге шақырып неке қиып, тәтті су іштік. Оның үйінде 4 түн қондық. Бірақ жыныстық қатынаста болмадық. 4-ші күні күйеуім мені алдап сен дайын машинамен ауылға кете бер, мен артыңнан кешке барам деп шығарып салды (біз жұмыс барысымен басқа ауылда, аудан орталығында тұруымыз керек болғандықтан). Менде еш арам ой жоқ болғандықтан кете бердім. Бірақ ол сол күннен бастап келмеді. Звондаған звоноктарыма, смстеріме жауап бермей қашып кетті. 10-куннен кейін бирак смс жіберіпті, ренжіме бірге тұра алмаймыз деген. Бірақ ешқандай себебін түсіндірмеді. Кінə өзінен бе əлде менен ба оны да айтпайды. Мүлде ешкіммен сойлеспейді. Ендігі менің Сұрағым неке қиғанымызға ровно бир ай болды. Бірақ ол жоқ. Оған келіп Талақ беріп кет, тұрғың келмесе десем де жауап бермейді. Ол мен жазған смстерді оқып отыр бірақ жауап бермейді. Енді осы некеміз дұрыс па? Ол мүлде келмей кетсе мен талақты қалай алам ?

    • Некесін қиған имамға барыңыз, жағдайды иүсіндіріп айтыңыз. Некені қиған кезде екеуіңіз ғана болмаған шығарсыз, ата- ана, туыстарға айтыңыз. Негізі төсек қатынасы болмаса телефонмен де талақ деп айтса жеткілікті дейді. Егер оны да айтпаса куәгерлерді ертіп некені қиған молдаға бару керек. Ата-анасы мен өз ата-анаңыз шақырып мән-жайды ашып айту керек.

    • Негізі заң бойынша қазір мұсылмандық неке заң жүзінде қағаз болмаса қиылмауы керек.

Пікір қосу