Владимир Кличко әке атанды!

0
784
Кличко мен Панеттьери

Әлемге әйгілі боксшы Владимир Кличко алғаш рет әке атанды. Украиналық боксшының сүйіктісі, Голливуд жұлдызы Хайден Панеттьери 4 желтоқсан күні қызын дүниеге әкелді.
Жас ата-ана әзірге сәбилерінің есімін қойған жоқ. Хайденнің айтуынша, нәрестеге ат қою отбасындағы ең өзекті мәселе болып отыр. Жұлдызды жұп сәбилеріне «украиналық әрі америкалық» ат қоймақшы.

Естеріңізге сала кетейік, Кличко мен Панеттьери алғаш рет 2009 жылы кездесе бастады. 1 жылдан кейін жұлдызды жұптың жолы екіге айырылды. Алайда 2013 жылы олар қайта табысып, үйленетіндерін мәлімдеді. Ал мамыр айында боксшы сүйіктісінің аяғы ауыр екенін айтып, алғаш рет әке атанатынын хабарлады. Әзірге, Кличко мен Панеттьери Украинадағы жағдайға байланысты заң жүзінде некелерін қидырған жоқ.

Ақпарат внюс.кз сайтынан алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу