Виктория Бекхэмның үйлену тойына киген тәжі сатылады

1
1287
тиара

Spice Girls тобының әншісі Виктория Бекхэмның Дэвид Бекхэмға тұрмысқа шыққан кезде  үйлену тойына киген тәжі Bonhamsде Fine Jewelry аукционВиктория мен Дэвид Бекхэмдер үйінде 5- желтоқсан күні сатылады. Танымал дизайнер Слима Барретта жасаған 18 караттық  жауһар (бриллиант) көзді және жауһар тамшыларымен сәнделген алтын тәж (тиара) нағыз  өнер туыдысы десе де болады. Тәждің бастапқы бағасы 18-25 мың фунт стерлинг.

Алтын тәж Лондондағы және Австралиядағы танымал екі көрмеге қатысып, жоғары баға алып үлгерген.

Танымал әнші Виктория Адамс пен әлемге әйгілі футболист Дэвид Бекхэмның тойлары 1999 жылдың шілде айында Ирландияда өткен болатын.  Жас жұбайлар алтын тақта отырып, қалыңдық танымал дизайнер Vera Wangтың көйлегін киген.  Той өткеннен кейін Виктория алтын тәжді танымал дизейнерге қайтарып берген еді.  24 жылдан бері бұл алтын тәж әлемнің танымал музейлерінде болып, әлемдегі танымал тиаралардың қатарына енген.

1 пікір

Пікір қосу