My Weblog: kutahya web tasarim umraniye elektrikci uskudar elektrikci umraniye elektrikci istanbul elektrikci satis egitimi cekmekoy elektrikci uskudar kornis montaj umraniye kornis montaj atasehir elektrikci beykoz elektrikci

Алдыңғы аптада Нью-Йорк қаласында өткен үйлену тойы көйлегі сәні апталығында танымал той көйлектерінің дизайнері Vera Wang өзінің қызғылт түсті көйлектер топтамасымен таныстырды.

Вера Вонг (Vera Wang) әлемде той көйлектеріне деген өзгеше көз қарасымен өте танымал. Оның той көйлектері үлкен гүлдер мен әр түрлі түстілігімен ерекшеленеді. Осы сән апталығында ол өзінің 2014 жылдың күзіне арналған той көйлектерін ұсынды. Бұл жолы танымал дизайнер қалыңдықтарға қызғылт пен қызыл түсті көйлектер арқылы романтика әлеміне бөленуді ұсынады.

Вера Вонг өз сөзінде бұл топтаманы жасауға камелия гүлінің күздегі гүлдеуі шабыттандырыпты. Гүл тақырыбы көйлектердің түстерінде ғана емес көйлек декорында кішкентай және үлкен матадан тігілген гүлдерден тұрады.

Естеріңізге сала кетсек, Вера Вонг 2014 жылдың көктемгі той көйлектерінің түсі ретінде қара түсті көйлектерді таңдаған болатын. Қазіргі кезде әлемде  қара түсті той көйлектері сәнде үлкен сұраныста.

1 пікір

  1. Гүлдiлерi әдемiсi әдемi ғой, тек түс ақ болады деген санамызға қатты сiңiп қалғасын ба үйреншiктi емес түстерi…

Пікір қосу