V-Alem тобының әншісі Ерден Жақсыбеков әке атанды

0
2464
V-Alem тобының әншісі Ерден Жақсыбеков әке атанды

V-Alem тобының әншісі Ерден Жақсыбеков бүгін, яғни 16- сәуір күні әке атанды. Бұл қуанышты хабарды Ерденмен бірге V-Alem тобында өнер көрсететін әнші Жалын Тілеуберген өзінің инстаграм әлеуметтік желісі арқылы хабарлады.

Ерден

Әнші Ерден Жақсыбеков пен жары Динара Сунақ 2013 жылы қазан айының 29 күні  отбасын құрған болатын. Бүгін әншінің жары Динара шекесі торсықтай ұл сыйлады.

Ерден Жақсыбеков пен жары Динара Сунақ

Ерден Жақсыбеков — V-Alem тобының құрамында 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап өнер көрсете бастады. Бұл уақытқа шейін YERDEN есімімен жеке әнші ретінде халыққа кеңінен танылып, «Өмір көктем» әні халықтың жүрегінен ерекше орын алғанын білеміз.

Өмірдің есігін жаңадан ашқан сәбиге денсаулық тілейміз! Әкесі сияқты халықтың сүйікті атқамінер ер азаматы болсын!

Пікір жоқ

Пікір қосу