Тәрбиелі аналар қыздары ес біліп, оң мен солын тани бастасымен- ақ, әр түрлі еңбекке баулиды, қолдарына ине — жіп, біз — қайшы, оймақ беріп жастайынан кесте тіктіріп, киім жапқыш, жастық қап, аяққап, орамал — сүлгі кестелетіп, ою ойдырып, сырмақ сырғызып, кілем тоқытып, түйін түйдіріп, киім піштіріп болашақ отауға қажетті жасау жабдықтарды күні ілгері өздеріне әзірлеткен.
Ал қызы бойжетіп, ұзататын мезгілі белгіленген соң, қыз ата — анасы бардам адам болса, ауылына атақты ұсталар мен зергерлерді арнайы алдырып, қызының ер -тұрман, алқа – білезік, киім — кешек және отау үйін жасатады. Ал қолы қысқа адамдар болса, онда әл — ауқаттарына қарай қажетті үй жабдықтары мен қолдағы тәуір нәрселерін қыздарының «жасауына» алдын ала әзірлеп қояды да, қыздарын ұзатқанда отаулап немесе жасау — жабдығын мүмкіндігінше толықтап береді.
Ұзататын қызға арнаулы жасау-жабдық жасату – жаңа бас құрған екі жастың, әсіресе, қыздарының барған жерінде қиындық көріп, жылап — сықтап қалмауы үшін жасалған қамқорлық. Сондай- ақ, қыз ата-анасының болашақ жас отаудың шаңырағы биік, босағасы берік болып, балаларының түтіні түзу ұшып, бай — бақытты тұрмыс өткізсін деген ізгі ниеті.
Бұл ата — бала арасындағы сүйіспеншілікті нығайтады. Ұрпақ алдында ата-ананың беделін жоғарылатады. Ұрпақтарға жауапкершілік пен борыштылық сезімін ұялатады.
Осы жасау жағы мені ойландырып жүр))))
эх, ойлануға тура келеді ендіі…
РАСЫМЕН ДЕ ОЙЛАНДЫРАТЫН ШАРУА . ЖАҚЫНДА ТҰРМЫСҚА ШЫҒАМЫН МИНЕ СОЛ ТОЛҒАНДЫРЫП ЖҮР………….