Үйлену тойға аяқ-киім таңдау

2
2340
қалыңдық туфлиін таңдау

Той кезінде аяқ-киміңіз аяғыңыз қысып, мазаңыздың кетіп тұрғанын елестетіңізші. Сіз дұрыс аяқ-киім таңдай аласыз ба? Дегенменде, біз осындай жағдайлардың болғанын қаламаймыз, сондықтанда бүгін біз сіздерге үйлену тойға аяқ-киім таңдауға аздаған кеңес ұсынбақпыз.

үйлену тойға аяқ-киім таңдау

Үйлену тойға аяқ-киім таңдау жас жұбайлар үшін маңызды істердің бірі. Тек қана әдемі емес, қалыңдық көйлегі мен күйеу жігіттің киміне де сай болғаны дұрыс. Ең бастысы аяғыңызға жайлы болғаны.

Егер күйеу жігіттің таңдаған костюмі іскерлік болса, аяғындағы туфлиі де соған сәйкес болғаны дұрыс. Онда қалыңдықтың да туфли күйеу жігіттің стиліне сай келуі керек.

Үйлену тойға арналған аяқ-киім де қалыңдық көйлегіндей әр түрлі болады: босоножки, туфли, ботильондарқалыңдық етігі тіпті суық күндерге арналған қалыңдық етікте кие алады, бастысы етік ақ әрі әдемі және көйлегіңізге жарасып тұрса болғаны.

Қалыңдық туфлилерін сәндеуге стразалар, тігілуге келетін інжулер, ұзаққа шыдамды жылтырауықтар, жібек және шілтерлер қолданады. Әдетте қалыңдық туфлилері тек үш түсте шығарылады: ақ, ақ сары (кремовые) және шампан түстес. Бірақ қазір қалыңдықтар өздерін бұл түстермен ғана шектеп қоймайды, әсіресе қазіргі қалыңдықтар жарқыраған алтын, күміс түстес туфлилерді көп қолданады.   Қалыңдық туфлиді көбіне көйлегінің түсіне және оны сәндеген кезде қандай түстер қолданса сондай түсті туфли таңдауға тырысады.  Көйлек пен туфлиді бір жерден таңдамайтын болсаңыз, туфли аларда көйлегіңіздің түсі мен фасонын  нақтылап алыңыз. Ең дұрысы көйлегіңізді көтеріп барып киіп тұрып аяқ киім таңдау.

Туфли таңдаған кезде көйлектің фасонына да үлкен мән беріледі. Мысалы, кейбір көйлектер каблук кигенді талап етеді, ал кейбіріне балетка (ешқандай дизайнер қалыңдық көйлегімен балетка киюді қолдамайды) киюге де болады.  Тік пішінді көйлектерге  биігірек каблуктер, ал қысқа иығы ашық көйлектерге ұш жағы ашық туфлилер  келеді.  Егер көйлек ұзын болып бар аяғыңызды толықтай жауып тұрса онда аяғыңызды қинамай аяқ-киім таңдаукішкентай каблугты туфлилер киіңіз.  Ал «ампир» стиліндегі көйлекті таңадаған болсаңыз қиналмай босоножки мен арты ашық туфлимен каблугы кішкентай туфлиларды қиналмай кие аласыз.  Ең бастысы аяқ-киімді көйлек сатып алғаннан кейін ғана таңдаңыз.  Көйлектің ең дұрыс ұзындығы полдан 2 см биік болсын, бұл аралықты көбіне туфли толтырады.

Той аяқ-киімі кез-келген материалдан тігіле береді: кожа, замш, парч, ал сәндеу үшін көбіне атлас пен жібек қолданылады.   Той күні аяғыңызға ыңғайлы болу үшін тойға бір апта қалған кезде күніне бір сағаттай үйде киіп жүріңіз, аяғыңыз туфлиіңізге үйрене берсін. Сонда той күні, күні бойы сіз қиналмай туфлимен жүре аласыз. Туфлиді үйде кием деп сыртқы келбетін бұзып алмаңыз, сондықтан ақырын ұқыптап киіңіз ол өзінің жаңа түрін сақтап қалуы керек.

Аяқ-киім аяғыңызға жайлы әрі тойдан кейін де кие алатындай болғаны дұрыс. Таңдап алған туфлиіңіз той күні көңіл-күйіңізді түсірмесін!

2 Пікір

Пікір қосу