Үйлену той макияжы

1
1591
Үйлену той макияжы

Тойда ең әдемі  қыз — қалыңдық.  Ол — мінсіз.  Демек, оның бейнесіндегі әр бір деталь, әр бір кішкентай бөлшек, тырнағы мен шаш үлгісі, киімі мен әтірі, ал ең бастысы макияжы керемет болуы тиіс.

Той макияжының басты мақсаты — қалыңдықтың табиғи сұлулығын аша түсу. Тым қанық түстер, той макияжыкешкі макияж той күніне жараспайды. Осы бір салтанатты күннің макияжы жеңіл, табиғилыққа жақын болуы тиіс.
Мэйк ап мастерлері келесі кеңестерге құлақ асуға шақырады. Сонымен, қалыңдық макияжына байланысты 10 басты қағида:
1. Той күндері жазғы мезгілге келетін болса, макияж жасағанда барлық крем, рең беруші крем (тональный), фаундэйшн, бәрі де майсыз болуы тиіс. Оған қоса, артық майды сіңіріп алатын арнайы майлықтар (сүлгі) қасыңызда болғаны жақсы.
2. Фото мен видеоға түсетіңізді ескере отырып, макияж жасағанда әдеттегіден артықтау боянғаныңыз жақсы. Фото мен видео макияжды «жейтін» қасиеті бар.
3. Праймер қолданыңыз. Праймер дегеніміз: макияж базасы, негізі. Одан кейін жағылған рең беруші крем де, фаундэйшн да ұзақ уақыт әрін кетірмей, әдемі қалпын сақтайды.
4. Фаундэйшнды әр уақыт спонжбен жағыңыз. Жаққан фаундэйшн (сұйық тоналка) теріге мейілінше сіңіп, біркелкі жағылып, бет-әлпетіңізді әрлей түссін деген ниетіңізге жетесіз. Сонымен қатар, спонжбен жағылған фаундэйшннің жағылған тұстары аса көрінбейді.
5. Консилер де сіздің жақсы көмекшіңіз болары анық. Беттегі бөртпе, іріңді жаралар (кейде қатты толқып, қиналған сәтте бетке безеу шығып кететіні көпке мәлім) бар болса, консилер олардың бәрін де жасырады.

қалыңдық макияжы

6. Праймер жайлы тағы айтылмаған әңгіме, көз бояуы астына жағатын түрін қолдануға ұмытып кетпеңіз. Немесе, мэйк ап мастеріңіздің есіне салғаныңыз жақсы болады. Көптеген визажисттер бұл жайлы ұмытып кететіні бар, алайда бояу астына жағылған праймер, бояудың ағып кетуінен сақтайды.
7. Піскен қызыл алмадай бетіңіз соншама косметика астында көрінбей қалуы мүмкін ғой? Өңіңізді әрлеуіш ұнтақ (румяна) мәселенің керемет шешуі екені рас. Ұнтақ әрлеуіш бетке тегіс жағылы, табиғи рең сыйлайды.
8. Ерінге далаптан гөрі, сұйық далап (блеск) әлде қайда қолайлы және жағылуы да тез. Оған қоса, жылтыр ерінді томпақ етіп көрсетеді. Томпақ еріндер әлі де сәнді екенін ескеріңіз.
9. Жасанды кірпік қаншалықты керек десеңіз де, дәл осы күні оның мейілінше қысқа немесе тіпті болмағаны жақсы. Көзіңізге жас алып, толқып, көңіліңіз босап, еңіреп жіберуге шақ қалғанда, тамшымен бірге кірпігіңіз де түсіп қалуы мүмкін. Сол себеп сүрмені екі қайта жағып, кірпігіңізді арнайы қайшымен сәл бүгіп, бұйралап қоюға болады.
10. Ең соңғы және ең маңызды кеңес!! Барлық косметика суға төзімді болуы шарт. Жыласаңыз да, жауын жауып кетсе де, сұлулығыңыз бірге жуылып кетпесін.
Әлемдегі ең сұлу қалыңдықтың ең маңызды күні мінсіз болуына тілектеспіз! Құрметті қалыңдықтар, арулар той макияжы, күнделікті макияж жайлы сұрақтарыңыз болса бізге қойсаңыздар болады, біз қуана жауап бере аламыз.
Арнайы неке.кз сайты үшін Айжан Табын

1 пікір

Пікір қосу