Үйленген жастарға тілек

0
6470

Көктегі жұлдыз –ұл мен қыз,

Ата-ана үміт жалғаған.

Бәрі де бабам жүрген із,

Жалғасып жатыр арман- ән.

 

Атадан қалған мұраны,

Жатады жампоз ұл жалғап.

Ұл-қияның қыраны,

Қыз құлпырған қызғалдақ.

 

Өнегелі ұл өсер,

Тәлімі жақсы тектіден.

Тілеуің соның тілесе ел,

Ниеті қабыл деп білем.

 

Құс болып көкке самғайды,

Қыз іздеп бақыт бөгде үйден.

Ата-анасын сыйлайды,

Көргенді келін, жөн білген.

 

Еңсесі асқақ шыңдардай,

Туысы бөлек дүлділдей.

Көктегі қос сұңқардай,

Үйленген мына екі жас.

Мәңгілікке бір жүргей!

Пікір жоқ

Пікір қосу