Тырнағының ұшына дейін мінсіз!

1
2149
қалыңдық маникюрі

Тап осындай мақтау сөздер естіген қай қыз болмасын марқайып қалады емес пе? Себебі, қалыңдық маникюрін дұрыс таңдау қалыңдықтың мінсіз образын жасауға көмектеседі.

Той алдын маникюрге жазылып қойып, ал «қалай ғана тырнағымды әрлесем екен?»  деп жүргендер үшін арналған мына жазба пайдалы болады деген үміттеміз.
Көптеген маникюр мастерлері тойға қарапайым френч, ұзартып жасанды тырнақ өсіртіп, үстіне ұсқынсыз акрил гүлдерін жасап береді. Мүндай талғамсыздықтан бас тартып, әлемдік сән үлгілеріне жүгінейік.
2009 жылдың ең сәнді маникюріmoon manicure, яғни ай тәрізді маникюр үлгісі Диор сән үйімен ұсынылған еді, қазіргі таңда да, бес жыл өтсе де қолданыста екенін айтып өткіміз келеді. Бірақ мұндай маникюр саусақтарды қысқа етіп көрсететінін айтып өткіміз келеді.
2010-2011 кезінде сәнге кірген nude маникюр де, классикалық френч пен сәл жылтыр қосылған маникюрді тойға жасауға кеңес береміз. Нәзік қалыңдық образына тура сай келетін осындай маникюр үлгілерін ұсынамыз.

1 пікір

Пікір қосу