Түрлі-түсті фата

0
1005
Түрлі-түсті фата таңдау

Бүгін біз сіздерге той сәнінде батыл қадам жасап көруді ұсынбақпыз. Түрлі-түсті фата— үйлену той әлемінде жаңа үрдіс емес, бірақ қалыңдық келбетіндегі сіздің өзіңізге жасаған ерекшелігіңіз болмақ. Біз сіздің назарларыңызға осы жаздың сұранысқа ие түстерін көрсетпекпіз.

түрлі-түсті фатафата

Қалыңдықтың түрлі-түсті фата қолдануы Ежелгі Рим заманында болған, ол кезде фата орнына ашық-қызыл түсті жамылғыларды қолданған екен.

күлгін фата жасыл фата

Бұл түс қазіргі кездеде өте жоғары сұранысқа ие. Бұл түс қалыңдықтың әдемілігі мен нәзіктігін айқындай түседі. Ақшыл жасыл көк түсті қыздың құпиялылығы мен шығармашылық адам екенін паш етсе, сары және қызғылт сары түстер қалыңдықтың көңілділігі мен адалдығынан хабар береді.

сары түсті фата түсті фата

Түрлі-түсті фатаны кез-келген фасондағы, стильдегі көйлекке таңдай беруге болады. Ашық түсті фаталар қосымша сәндеуді қажет етпейді. Өзі ашық, өзі әдемі фатаға заколка тағып қиын шаш үлгісін жасаудың қажеті жоқ.

 jpg-400x266 гүлді фата

Түрлі-түсті фатаның материалының түсі ашық әрі тор (сетка, кесте, селдір) сияқты матадан болғаны дұрыс. Сонда ол сіздің өз әдемілігіңізді жауып қалмауға көмектеседі.

фатаны көйлекпен үйлестіру фатаны көйлекпен үйлестіру (2)

Егер көйлегіңіздің сәндейтін элементтері болса фата екеуінің түсін бірдей қылып үйлестіруге болады. Бұл сіздің талғампаздығыңызды көрсетіп, сізді ерекше әдемі етіп көрсетеді.

Пікір жоқ

Пікір қосу