Тойыңызды жаңашыл идеялармен толықтырам десеңіз…

0
2528
Тойыңызды жаңашыл идеялармен толықтырам десеңіз...

Қазір тойыңызды ерекшелеп өткіземін десеңіз, өзіңіз ойлаған идеяңызды іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Бастысы сіздің шығармашылық идеяңыз бен қаражатыңыз болса жеткілікті. Бүгін біз сіздерге тойыңызды жаңашыл идеялармен толықтыру амалдарын ұсынбақпыз. Бұлар кішкентай дүниелер саналғанымен қонақтарыңыздың жадында сіздің тойыңызды жылылықпен еске алатын ерекшелігімен есте сақтауға көмектесетін әдістер. Сонымен:

1. Шақыру билеті

шақыру билет шақыру билет

Әр той қонақтарға таратылатар өзгелерден ерек, әсем шақырулармен басталса қандай ғанибет!  Сіздің шақыруыңызды қолына алған қонақ ерекше басталған мерекенің болар күнін тағатсыздана күтеріне сеніңіз! Бұл үшін сізге бастысы дизайны ерекше шақыру билет пен ішіне әдемі сөздер жазылған шақыру қағаздарын таңдасаңыз жеткілікті.

2. Отырғызу карточкалары (банкеткалар)

12710329847--svadebnyj-salon-vinilovaya-plastinka-dlya-rok-n4189 nomer-stola-binoUkrashenie-na-svadbe-nomera-stolov-foto3  1184d69f4febf2b2e9b4aa0efb7b4bdf

Әр тойда болатын үйреншікті «қонақтардың тізімін» ұмытып, әр қонақтың шақыру билетінде стол номерін белгілеп таратыңыз! Белгіленген столға әр қонағының  есімі жазылған карточкаларды пайдалануға немесе өздеріңіздің бақытты шақтарыңыздың суреттерін пайдалануға болады. Бұл сенің әр қонаққа деген ерекше ықыласыңыз бен дастархан жасаудағы сіздің таңдау ерекшелігіңіздің білдіреді!

3. Бонбоньеркалар

226584  banbon post-16279-0-51330700-1381160955 candy-box-700x700

Бізде кең тарала қоймаған дәстүр — бонбоньеркаларды тарату. Бұл да шашудың бір тәсілі немесе альтернативасы! Француз тілінен аударғанда (bonbon — конфет) «әдемі орамдағы тәтті» деген мағынаны білдіреді. Орам сандықша ретінде, әдемі қорап немесе түрлі жібек, органза тәрізді маталар болуы мүмкін. Құрамын да өз қалауыңызға қарай өзгерте аласыз: жаңғақ бола ма, мүмкін «рафаелло», тіпті сіздердің есімдеріңіз, не той күні көрсетілген шоколадты медальондар, магниткалар… Алайда жыл мезгілін ескерген жөн. Мысалы, жаздың аптап ыстығында еріп кеткен шоколад қонақтарға бір түрлі көрінуі мүмкін. Тойыңыздың «тәтті» қонақтарын да ұмытпаңыз — сәбилерге сай ойыншықтарды салсаңыз болады. Тек қиялыңызға ерік беріңіз!

4. Ерекше тілектер кітабы немесе тілектер тақтасы

 тілектер тақтасы 2141_21_a0f3fcdef05_1

Қуаныштарыңызды бөлісуге келген жақындарыңыз бен достарыңыздың тілектерін той программасының тығыздығына қарай тыңдап шығуға уақыттың жетпей жататыны рас. Сондай олқылықтың орнын толтыратын – ақ тілектер кітабы! Әдеттегі ақ тілектер альбомына сатып алсаңызда не өз қалауыңыздағыдай етіп өзіңіз жасасаңызда болады. Өз қиялыңызға ерік беріңіз.

Тілек тақтасында өз қалауыңыздай жасаңыз. Екеуіңіздің фото суреттеріңізді ортасына орналастырып, ал қонақтар тілектерін жан-жағына айналдыра толтырсын кейін әдемі рамкаға салып қойсаңыз – жас отаудың жасауының бір бөлігіне айналар.

5. Декоративті майшамдар

Декоративті майшамдар

«Бір адамның жаққан отынан он адам жылынады» деп отты қастерлейтін қазақ халқы келін түсірерде отқа май құйғызады. Тойыңыздың шырайын аша түсетін декоративті майшамдар той үстінде, некені тіркеу уақытында сол бір романтикалық сәтті күшейтіп, ошағыңа жаққан оттың бастамасына айналдырады десе де болады.

Міне, бұл — ұсынылған жаңашыл идеялардың бастамасы ғана. Егер тойыңыз белгілі бір стильде не бір тақырыпқа құрылған болса жоғарыдағылардың бәрін aта-анаңызбен ақылдасып, сәйкес безендіруіңізге болады.

Пікір жоқ

Пікір қосу