Тойларға тойлар ұлассын!

1
1538

Қазақ халқы да барша халықтар сияқты, еңсесін сала еңбек ете білетін, талай ұлттар мен жұртардың озық өнерімен тамсандырған, думаншыл-сауықшыл елдердің бірі. «Той десе қу бас домалайды» деп бекерге айтылмаған.

Той- өткендегі ізгіліктер мен жақсылықтарды, озық дәстүрлі жаңғыртып, жалғастырып отыратын тәлімі мол мереке.

Той -аға ұрпақ пен бала ұрпақ арасындағы дәнекер көпір.

Той-бүгінгі барды бағалау, келелі істер жайында ақыл қосу.

Той-тәрбие мектебі. Той- тамаш ада талай жез таңдай, күміс көмей шешендер, білімдарлар, көпті көрген көне көздер, ел ардақтылары, ардагер еңбек ерлері мен майдан батырлары ой-толғаныстарын ортаға салады, тағылым ұсынады. Кейде он кітаптың таба алмайтын пікірлерді, адамгершілік  ғибратын бір той үстінде естіп-білуің, көкейіңе қондыруың ғажап емес. Сөйлегендер егеді, тыңдағандар орады.

Той өткізу анау айтқандай жеңіл-желпі, жүрдім-бардым шаруа емес. Той тамашаны көңілден шығардай, ұмытылмай есте ұзақ қалардай етіп өткізу үшін талай нәрсені алдын ала білу қажет.

Міне, біздің сайтымыз әр үйдің шаңырағында болатын  қыз ұзату, келін түсіру салтарын кеңінен насихаттап, еліміздің әр аймағының той өткізу дәстүрін дәріптеп, құттықтау сөздері мен той әндерін, жас келіндер мектебі мен жас шаңырақ иесіне арналған кеңестерін, тойдың қызықты өтуіне көмектесер ақылдарымен сіздерге қызмет етуге әзір.

1 пікір

Пікір қосу