Тойға толы апта

0
4828

Болат Жолдасов үйленді

Болат Жолдасов үйленді

Әнші Ұлықпан Жолдасов құда болды. Яғни 11- қыркүйек күні композитордың ұлы Болат Жолдасов ақ құсын қолына қондырып, шаңырақ көтерді. 

10654853_828980403803452_1450900612_n 10665434_712282408826709_1912230316_n

Жолдасовтар отбасында ұлан асыр той. 600 ден аса адамға дүркіретіп той жасаған танымал сазгер Ұлықпан Жолдасов пен жары Айған ханым құда-құдағи атанды. Жалғыз ұлы Болат Дана есімді келін түсірді. Талай әншіге ән жазған Ұлықпанның ақ келінінің бетін Рамазан Стамғазиев ашты. Ал тойды ұйымдастыруды Динара Қырықбаеваның event агенствосы өз мойнына алған.

Актер Шапағат Орынбаев үйленді

Актер Шапағат Орынбаев үйленді

13- қыркүйек күні әнші әрі актер, режиссер Шапағат Орынбаевтың Шымкент қаласында үйлену тойы болып өтті. Бір қызығы бұл үшін екі жас өзге жұптар секілді неке сарайына барған жоқ. Өйткені салтанатты шара Шымкенттегі Орталық саябақта, яғни, ашық аспан астында өтті.

MG_5121 MG_5155 MG_5176

Айта кетейік, Шапағаттың өмірлік жары етіп таңдаған аруының есімі – Гүлбина. Қалыңдық 1991 жылы ОҚО, Төлеби ауданында дүниеге келген. Мамандығы психолог болғанына қарамастан өнерден құралақан емес. Ол Шапағат Орынбаевтың «25 теңге» атты фильміне түсіп үлгерген екен.

Шахматшы Гүлмира Дәулетова тұрмысқа шықты

Шахматшы Гүлмира Дәулетова тұрмысқа шықты

Белгілі шахматшы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Норвегияда өткен шахмат Олимпиадасының қола жүлдегері Гүлмира Дәулетова тұрмысқа шықты.  Талай жігіттің арманына айналған арудың жүрегін алматылық Линар есімді жігіт жаулапты. Күйеу жігіт спортшы болмағанымен спорт ойындарының тұрақты жанкүйері.

Айта кетейік, Г.Дәулетованың ұзатылу тойы қыркүйектің 12-ші жұлдызында туып-өскен жері Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында өтті. Бір қызығы спортшының кей әріптестері әзірге бұл жаңалықтан бейхабар. Себебі олар шаңырақ көтеру тойына шақырылмақ. Той қыркүйектің соңында Алматы қаласында өтеді.

Ербол Азанбеков отбасын құрды

Ербол Азанбеков отбасын құрды

14 — қыркүйек күні танымал журналист, танымал пиар маманы Ербол Азанбеков қолына Құралай атты аруды қолына қондырып, отбасын құрды. Ерболдың таңдаған аруы Құралайда журналист.

Неке.кз сайты барлық отбасын құрған жұлдыздарға отбасыларына бақыт тілейді. Құрған отбасыларының шаңырағы биік, керегесі берік болсын, іші толған сәби болсын!

Ақпарат пен суреттер Внюс.кз сайты мен Тоқтама.кз сайтынан алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу