Тойға шақыру билеттері: кеңестер мен даму үрдісі

12
13411
тойға шықыру билеті

Тойға қадірлі қонақтарды шақыру қонақ үшін де, қонаққа шақырып отырған үй үшін де үлкен құрметтің белгісі. Сіз тойыңызға қонақты қалай шақырсаңыз қонағыңызда сізге сондай жақсы ниетпен келеді. Біз де қазақтарда тойға шақыру билетін алу өте үлкен жұмыс. Себебі, қазақ бір тойға 100 ден кем адам шақырмайды…

Біз бүгін сіздерге шақыру билеттерінің қазіргі заманғы үлгідегі ерекшеліктерін атап өтпекпіз. Қазіргі кезде шақыру билетті жастар қалай қаласа солай жасауға үлкен мүмкіндік бар.

Жастардың суреттері бар шақыру билеттері. Шақыру билеттеріне суретке түскен кезде, қалыңдық арнайы макияж жасатып, шаш үлгісін сәндеп барған дұрыс (қазір фото салондарда, макияж бен шаш үлгісін жасап беретін арнайы мамандар да болады). Мән беретін нәрсе:

1. фотошоппен сіздерді әдемілегені сонша, таныстарыңыз танымай қалмасын.

2. Дайын формаға бет әлпетіңізді орнатқан кезде барлық нәрсенің сәйкес келіп тұрғанын қадағалаңыз. Мысалы мойныңыз бен бетіңіз екі түс боп қалуы, басыңыздың қисық орналасуы, денеңізден басыңыздың тым үлкен боп көрінуі көп кездеседі.

3. Шақыру билеттердегі өлеңдердің ұйқасы мен қатесін де бір сүзіп өтіңіз

4. Қазақ киіммен түссеңіз де, той көйлегімен түссеңіз де, жай киіммен түссеңіз де өз еркіңіз.

Суреті бар шақыру билеттің артықшылығы: кез-келген кісі шақыру билетті көрген кезде тойдың кімдікі екенін бірден біледі және туысқандарыңыз альбомдарына салып сақтап қояды. Қазір кезде арзан, нарықтағы бағасы 35 теңгеден басталады. Кемшілігі: суретке нашар түсіп қалуыңыз

Дайын шақыру қағаздары. Дайын шақыру қағаздарын таңдаған кезде міндетті түрде мәтіннің қатесіз жазылуы мен сыртқы әдемілігіне мән беріңіз. Қазір дайын шақыру билеттері каллиграфия мен басқа да техинкалар арқылы жасалған билеттердегі жазулар мен суреттер адам қолынан жасалған сияқты әсер қалдырады. Бастысы өзіңізге ұнайтын ерекшесін таңдап алыңыз.

Ең бастысы шақыру билеттің сыртында — ақ әдемі конверт болуы керек. Егер шақыр қағазында қосымша аксесуарлар болса (мата, көбелек, моншақтар, жылтырақтар, ағаш шыбықтары) олардың мықты бекітілгенін қадағалаңыз.

Артықшылығы: суретке түсіп, сурет үшін уайымдап әуре болмайсыз. Кемшілігі: ауылдағы апаңыз жақтырмауы мүмкін, ешкім ұзақ сақтамауы да мүмкін. Нарықтағы бағасы 100 тг басталады.

1990 жылдарға дейінгі шақыру билеттерді де назарларыңызға ұсынамыз:

Ең бастысы сіз қандай шақыру билетін таңдасаңыз да өз көңіліңізден шығатынын таңдаңыз, тек жоғарыда көрсетілген мәселерді ескеріңіз!

12 Пікір

  1. Тоқсаныншы жылдарға дейiнгi шақыру билеттерi көп альбомда. Қызық ше ) Өз басым суретсiз билеттердi құп көрем )

  2. маған шақыру қағаздар дайындайтын программа керек еді. Қайдан алсам болады? Өтініш осы электронды поштаға программа салынса, салып жіберсеңіздер екен?!
    Сәлеммен: Лаззат

    • Лаззат, өзіңіз қалаған кез-келген дизайнерлік бағдарламамен жасауға болады. Арнайы шақыру билетке арналған бағдарлама жоқ.

  3. қазір ешкімде 90жылдардағы шақыру билетке түспейді ғой. байлар да ашық хат тарататын бопты. қазіргі заманғы шақыру билеттер керемет

Пікір қосу