Той шашын гүлмен сәндеу

0
3801

Қазіргі кезде той шашын тірі гүлмен сәндеу сәнге еніп келеді. Гүлмен сәндеу, сәнге қазір еніп тұрғаны мен оның тарихы тереңде. Себебі, бұрынғы ата-бабаларымыз шаштарын ең алғаш гүлдермен сәндеген.

Қазақ көйлек пен сәукеле
Қазақ көйлек пен сәукеле

Гүлмен шаш сәндеу әр қалыңдықтың өз ерекшелігін, нәзіктігін, сұлулығын көрсетіп тұратындай. Егер сіз тойыңызда қазақ көйлек киетін болсаңыз онда шашыңызды гүлмен сәндей алмайтыныңызды ескеріңіз. Қазақ көйлектің ең әдемі сәні- ол өрілген шашбаулы бұрым мен сәукеле.

Гүлмен сәндеу көбіне қазіргі заман стиліндегі қалыңдық көйлегін таңдаған аруларға келеді.

Гүл— әр қалыңдықтың сәнін ерекшелеп, нәзіктік пен балғындық сыйлайды. Биылғы сәнде, жалғыз үлкен гүлді қолдану сәнде. Гүл таңдау кезінде қалыңдық көйлегінің құрылысына мән беру керек. Бұл жайында стилист- шаштараз бен гүл өсіруші мамандармен алдын — ала келісіп алыңыз.

Қалыңдықтың басындағы гүл — қолына ұстайтын қалыңдық гүл шоғымен немесе жігіттің кеудесіне тағылатын гүлмен (бутоньерка) мен үйлесіп тұру керек. Егер көйлегіңізде беліне тағылған лента іспеттес белдік болса гүлді соның түсімен үйлестіріп таңдап алуға да болады.

Ең бастысы сіз гүл арқылы қандай образ бергіңіз келеді соны анықтаңыз. Мысалы: нәзік, романтикалық па әлде қатал ханшайым көрінгіңіз келе ме нақтылап алыңыз. Ең бастысы таңдаған образыңыз, сіздің мінезіңізге үйлесіп тұрсын.

Гүлмен шашыңызды сәндеу кезінде мән беретін басты мәселелер:

— шашыңызды түсіне мән беріңіз. Гүлдің әдемілігін шашыңызды түсі басып қалмасын.

— гүлдің өміршеңдігіне мән беріңіз. Тез солып қалатын гүлдерді таңдамаған дұрыс, сіз той залына жетпей жатып олардың сәні кетіп қалуы мүмкін.

— гүлді тапсырыс берген кезде, тура сіз шашыңызды сәндетер уақытта әкелгенін талап етіңіз. Сонда гүлдің балғындығы ұзақ сақталады.

— гүлмен шашыңызды сәндегендіктен, тағатын әшекейіңізді де гүлмен сай таңдаған дұрыс болады. Сонда екеуі үйлесіп сізді одан ары әдемі ғылып көрсетеді.

— егер сіз үлкен гүлді таңдасаңыз, онда үш гүлден артық гүл қыстырмаңыз. Себебі гүлдер тым үлкен болып шаш үлгісі көрінбей қалады.

Қандай сән үлгісін жасатқыңыз келсе де, алдын- ала сән салонына барып, сынақ жасатып көріңіз. Сол кезде өзіңізге жарасатын шаш үлгісін білетін боласыз. Бастысы бәрі өзіңізге жарасымды болсын!

Пікір жоқ

Пікір қосу