Той көйлегін таңдау

4
4255
той көйлегін таңдау

Қалыңдық көйлегін таңдау әр арудың арманы. Cебебі, қалыңдық тойға дайындықты қашан да той көйлегінен бастайды. Тіпті бұл күнге дайындық есі кірген күннен басталады деп айтсақ та болады. Дүкен аралап, өзіне ұнаған әдемі көйлектерді алса да алмаса да ұзақ қарап шығуға дайын. Ең атаулы күні ең әдемі қалыңдық болуға той көйлек таңдауда аздаған кеңестер ұсынғымыз келеді.

Әр жылы әлем дизайнерлері әр қалыңдық қалауына қарай сан түрлі қалыңдық көйлектерін ұсынып келеді, бәрі де сол қалыңдықтың атаулы күні өзін ханшайым сезінуіне, оның әдемілігін паш етуіне көмектесетін көйлектер ұсынады. Байқағанымыздай, қазір көйлектер тек ақ түсті емес қара, қызыл, күлгін, сүт түсті сияқты түрлі-түсті қалаған көйлегіңізді таңдауға болады.

Қалыңдықтарды көбі өз дене бітімдерінің қандай типке жататындарын анықтай алмай жатады. Ең алдымен төмендегі сурет арқылы дене бітіміңіздің қай типке жататыныңызды анықтап алыңыз:

 дене бітімі

 

1- Құмсағат: жоғары жағы мен бөксе жағы бірдей, белі қиылып айқын біленетін дене бітім түрі. Идеал дене бітімі десе де болады.

2- Алмұрт немесе жоғары қарған ұш бұрыш: бөксе жағы үлкен болып, жоғарғы жағы кішкене болып келуі

3- Алма немесе төменге қараған ұш бұрыш: иықтары мен кеудесі ірі болып, бөксе жақтың кіші болуы

4- Тік төрт бұрыш: дене бітімі бір қалыпты бірдей, белі де айқындалмаған дене бітімі

5- Дөңгелек: бұл да тік төрт бұрыш боп келген дене бітіміне ұқсас бірақ толық дене бітімі.

Дене бітіміне сәйкес келетін той көйлегінің түрлері:

дене бітімі+ көйлек

 

ампир стилі
«ампир» стилі

Жоғарыда көрсетілген қалыңдық көйлектерінің түрлеріне тоқтала кетсек. Дұрыс таңдалған көйлек сіздің әдемілігіңізді ғана көрсетіп қоймай, кемшіліктеріңізді жасыруға жақсы көмектеседі.

1. «Ампир» стилі
Мұндай той көйлектері мықыны жоғары орналасқан әрі мықыны үлкен бойжеткендерге арналған. Етегі төстің астынан тура басталып кететін көйлектер кең әрі жеңіл болып келеді. Төсі шағын, белі жоқ бойжеткендерге осындай көйлек таңдаса болады. Көкірек тұсы тастармен көмкерілген көйлектер бір қарағанда төсті үлкейтіп, бойды ұзартып көрсетіп, болашақ аналардың ішін жасырып тұруға көмектеседі. Ескертетін жайт, бұл типтегі көйлектердің жеңі болмайды, сондықтан қолдарыңыз толық болса ойланыңыз. «Ампир» стиліндегі көйлектермен тәж  (тиара) киген көйлектің әдемілігін ерекше ашады.

А-силует
А-силует

2. А-силуэт
Мүндай көйлектерді кез-келген аруға жараса кететін әмбебап көйлек десе де болады. «А» әрпін елестетін көйлектер төсті анықтап көрсетіп, төменгі жағы кең етек болып келеді. Етегі жайылып біткен, жабындысы біртұтас көйлектер кез келген дене бітімге үйлесе береді. Бойы аласа, толықша келген қалыңдықтар өз кемшіліктерін осындай көйлектермен жасыра алады. Егер сіз бөксеңізді кішірейтіп көрсетем десеңіз, астыңғы жағына шығыршығы бар белдемше (подюбник) киіңіз. Классикалық үлгідегі мұндай той көйлектер ешқашан сәннен қалған емес. Оны жібек матадан да, қатты материалдардан да тігуге болады. Бұл стилдегі көйлетердің мұсылмандық той көйлектертері ретінде де тігілген варианттары болады. Яғни иығы жабық  немесе сыртына көйлектің материалындағыдай матамен болеро тіккізіп алуға болады.

балға киетін көйлек
балға киетін көйлек

3. Балға киетін көйлек 
Бұл көйлетер жоғарғы жағы беліңіз бен ішіңізді жинап тұратын корсет пен кең етекті, қат-қабатты белдемшеден тұрады. Қалыңдардың көбі өз таңдауларын осы көйлектерге береді.  Себебі мұндай той көйлектер төсті көтеріп, ішіңізді жинап сіздің келбетіңізді айшықтауға арналған. Кең етек көйлектерге кез келген әшекей жараса кетеді. Өкінішке орай бойы аласа, толықша келген бойжеткендер мұндай балдық көйлектерді таңдамағаны дұрыс. Егер балға киетін көйлекті ілмектерінсіз (лямка) таңдасаңыз, ұзын көйлектің түсіндей қолғап сіздің образыңызды толықтырып, әдемілігіңізді аша түседі.

су перісі көйлегі
су перісі көйлегі

4. «Су перісі» көйлегі немесе Годе көйлектері 
Денеге жабысып, пішініңізді анықтап тұратын, тізеге дейін денемен дене болып, тізеден төмен қысқа кең етек түскен мұндай көйлектерді әдетте өзіне не керегін білетін батыл нәзік жандылар таңдайды. Гауһардай жарқыраған тастармен көмкерілген, етегінің артқы жағы жайыла біткен су перісін елестетін той көйлектер ешқашан сәннен қалған емес. Дене бітіміңізді айқындап көрсеткіңіз келсе, сізге осы көйлек жарайды.

қысқа етек көйлектері
қысқа етек көйлектері

5. Қысқа етек көйлек
Керемет түзу аяғыңызды көрсетудің ерекше тәсілі – қысқа той көйлектерін кию. Қысқа той көйлектерінің өзінің біраз түрі бар: ампир, а-силуетті,  етегі кең жаздық стильдегі көйлектер, тік етекті,  етегінің алдыңғы жағы қысқа, артқы жағы ұзара біткен көйлектер т.б. сияқты болып бөлінеді.  Бастысы көйлектің сізге жарасуына байланысты. Қысқа етекті той көйлектерін тойда ғана емес, басқа да кештерге кие беруге болады. Мысалы, Кира Найтли тойға дейін кештерге киген көйлегін той көйлегі ретінде киді.

6. Қазақ көйлек

қазақ көйлек
қазақ көйлек

Қазіргі кезде өз қара көз қыздарымыздың ішінде үйлену тойға қазақ көйлек кию сәнге айналып келеді. Қазақ қыздарының қазақ көйлекке деген сұранысы қазақстандық дизайнерлерге де біраз ой салған сияқты. Себебі қазақша ою мен етегін келтірсе жоғарыда аталған көйлек түрлерінің барлығын дерлік қазақша көйлекке айналдыруға болады. Бастысы таңдай біліңіз, қазақ көйлегі қазақтың кез-келген қызына сәукелесі жараса кетеді. Барлық кемшіліктерді жасыруға етегі кең, әрі камзолы бар қазақ көйлектері жақсы көмектеседі. (суреттегі қазақ көйлектер Аида Кауменованың сайтынан алынды)

Ең басты кеңесіміз, кез-келген той көйлегін киген кезде ұялмаңыз. Толықпын, арықпын деп өзіңіз армандаған көйлектен бас тартпаңыз, бәрін киіп көруге ерінбеңіз. Кез-келген көйлекті биік өкшелі туфлимен киіп өлшеңіз.

Толық қыздарға қалыңдық көйлегін таңдау жайлы алдыңғы тақырыбымызда тоқталған болатынбыз..

4 Пікір

  1. сәлем достар маған бүгінгі көйлектердің ішінен қазақ көйлек пен бал көйлегі ұнады олар өте әдемі екен.

Пікір қосу