Той фотографын таңдағанда неге мән беру керек?

3
1516
той фотографын таңдау

Той суреті мен той видеосы адамның тойы өтіп кеткеннен кейін де қаншама жылдар бойы көріп, еске алып отыратын нағыз естелік. Той суреттерінің сіздің өміріңіздің ең басты ескерткіші екенін ұмытпаңыз. Сондықтан да, той фотографын таңдауда салғырттық танытпаған жөн.

Бізде көбіне той фотографы ретінде қолында сандық фотоаппараты бар бір туысты жалдай салу кең етек алған. Ол суреттің сапасы жақсы ма, суретіңіз анық па, барлық туыстарыңыз қамтылды ма ол сұрақтар әрине той кезінде ескерілмейді.той фотосы Бірақ, той өтіп кеткесін осы сәттерге өкінетіндеріміз өте көп… Той фотографы ол жолдан келіп түсіре салатын адам болмауы керек, ол сізбен жақсы танысып, сіздің таныстарыңызды, туыстарыңызды, достарыңызды сырттай танитындай болғаны дұрыс. Яғни, ол сіздің той күні екінші адамыңыз болу керек. Сонымен, той фотографына қойылатын талаптарды талқыласақ:

1. Аяқ асты таңдай салу деген болмасын. Той фотографын тойға үш ай қалған кезден бастап іздеңіз, сонда сіз өзіңіз қалаған суреттерді алуға мүмкіндігіңіз болады.

2. Ең бастысы той фотографы мен той видеооператоры екеуінің екі адам екенін ажыратып алыңыз. Себебі бір адам суретті де, видеоны да түсіру деген болмасын! Не суретте не видео да мән болмай қалады.

3. Егер ол таныстарыңыздың тойларын түсірген болса, асықпай оның жұмыстарын көріп шығыңыз. Сапасына, қызықты сәттерді түсіріп алуына, өңдеуіне, love story түсіру мәнеріне  (оқиғаны ойлап табуына, креативті ойлануына) көп мән беріңіз. Той альбомыңызды ұялмай көрсететіндей болыңыз.

Фотограф таңдап алғаннан соң, алдын ала төлем қанша болатынын біліп, келісім шартқа отырып, келісім шартты алып кетіңіз. Сол кезде тойыңыз күні фотографтың сздің тойыңызда болатыны анық болады. Келісім шартқа қол қоймай тұрып төмендегі тізімдегі заттарды анықтап алыңыз:

1. Келісілген уақыт ішінде қанша сурет түсіріледі? Негізінде профессионал фотографтар қанша уақытта қанша сурет түсіре алатындарын нақты айта алады.

2. Суреттердің компьютерлік өңдеуі қанша тұратынын нақты біліп алыңыз, ол сумма сіз басында келіскен бағаның ішіне кіре ме? Сіз өңделген суреттерді аласыз ба әлде өңделмеген нашар суреттерді аласыз ба, нақты анықтап алыңыз

3. Фотограф суреттерді басып шығарып бере ала ма оны да анықтаңыз. Қандай форматта, қанша суретті басып шығару сіз төлеген ақшаға  кіретінін нақтылаңыз.

4. Фотографтың компьютерінде сіздің суреттер қанша уақыт сақталатынын біліп алыңыз, небір жағдайлар болады ғой соны ескеріңіз.

5. Егер сіз суреттеріңіздің әр жерде «қыдырып» жүргенін қаламасаңыз фотографтан авторлық құқық талап етіңіз, ол дегеніміз сіздің суретіңіздің еш жерде сіздің рұқсатыңызсыз жарияланбауы.

6. Сіз төлеген ақшаға той альбомы мен той дискісін сәндеу кіре ме?

7. Ең бастысы сіз көрген суреттерді түсірген фотограф сіздерді түсіретін бола ма? басқа фотограф келетін болса, оның үйлену тойды түсіруде тәжірібиесін қандай екенін анықтап алыңыз.

8. Той суреттері мен видеосын, альбомын, суреттер жазылған дисктерді тойдан кейін қанша күннен кейін алатыныңызды нақтылап алыңыз, себебі бір суреттің артынан бір айдан аса уақыт жүргіңіз келмейтін шығар?

9. Өз тарапыңыздан альбомда, видео да, love story да болсын  «киз узату», «наша свадьба» деген сияты қателерді жібермеуін және есімдеріңіздегі қазақ әріптерді қатесіз жазуын талап етіңіз де осы бөлімді келісімшартқа енгізуін талап етіңіз, ол сіздің құқыңыз!

Осы жағдайдың бәрін анықтап алғаннан кейін ғана келісім шартқа қол қойыңыз.

Фотографпен оның жұмыс уақыты мен жұмыс барысының бәрін анықтап, белгілеп жазып алыңыз. Мысалы, фотограф тойдан ертерек келіп қалыңдықтың тойға дайындығын түсіріп, туыстар мен достардың келуін түсіруі керек.

Ең бастысы сіздің тойыңыздың суреттерінің сізге өмір бойы қуаныш сыйлап, сізге ұнағаны. Дәл осылай болса, онда сіз дұрыс фотограф таңдағаныңыз!!!

 Суреттер той фотографы Сарықазақтыкы

3 Пікір

  1. Cаке! Авторлық құқықтың не екенін өзіңізде түсінбеген сияктысыз.
    Той иелері тек жеке тұлға болып келеді.

    • Марат, дұрыс айтасыз, той иелері суретке түсер кезде фотографпен ол жайында келіседі себебі ол ақысын төлеп отыр. Ал егер фотограф ол үшін ақы алмай, ешқандай келісім шарт болмаса фотограф қалаған өз ресурсына қойюуына қақысы бар.

Пікір қосу