Той атрибуттары

2
1937
той атрибуттары

Біз алдында той алдында тындырар істер тізімін жазған болатынбыз, бүгін асаба жалдап асабаның өз міндетін жақсы орындап шығуына той иесі ретінде істер іс тізімін ұсынып отырмыз.

Асаба мен той иелерінің алдын-ала жолығысып ақылдасуы кезінде тойдың өту жоспары мен той кезінде асабаға керек нәрсенің тізімі жасалады.

Ол той барысында қажет бұйымдар мен заттарды оңайға жинап, әзір ұстау деген сөз. Қараңызшы, шашу шашатын тұста той иелері шашуын асығып жүріп үйде қалдырып кетсе, қандай қолайсыздық туар еді? Осындай ескермеушіліктің салдарынан әлдебір ұсақ түйек нәрселер үшін көңілге кірбің түседі, реніштер туады. Қуаныш үстіне осындай жарасымсыз мұндай ахуал кімге қажет?

Көңіл тыныш болу үшін атрибуттарды түгелдей той өтетін залға алдын-ала әкелген абзал.

Олар төмендегілер:

—         жар-жар тексті. Жүз адамға елу алпыс дана.

—         Шашу. Оны кім шашатына да белгіленуі керек.

—         Беташар кезінде келін сәлем беретін туыскандар тізімі.

—         Сөйлейтін меймандар тізімі.

—         Той үстінде қажетті домбыра, гитара, баян тәрізді музыкалық аспаптар.

—         Ойынға қатысушылар мен тойда жақсы өнер көрсеткен қонақтарға тарататын сыйлықтар.

—         Тойбастар.

Әр тойдың өз ерекшелігі, өзгеріс жаңалығы болғаны жақсы. Сондықтан, әрине, той атрибуттарының бәрін қамту қиын. Дегенмен, осы қажет ау деген заттардың тізімі қысқаша осылар.

2 Пікір

Пікір қосу