Той алды қыдырыс: Авбоуспен той серуеніне шығу

0
982
Авбоуспен гулянкаға шығу

Мұндай тек Шымкентте ғана болатын шығар. Әзірге мұндай той көлігін басқа қалалардан байқамадық.  Байқағанымыздай, той серуеніне автобуспен шығу дәстүрі үрдіс алып барады. Шымкенттің көшелерінен осы бір автобусты бақылап жүргендеріне жарты жылдай уақыт болды. Қазір той серуеніне қымбат көліктермен ғана шығып жүрген жастарды көретін болғандықтан, автобус иесімен қалайда жолығуды жөн көрдік.

20131215_054143-640x360

Өзін «Арман» деп таныстырған жігіт бұл идеяны көптен бері ойлап жүріпті. “Жас жұбайлар серуенге шығатын лимузин, Геленвагендердің сұрайтын ақысы қымбат. Оны қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. Жалғыз лимузин жалдасаңыз мейлі ғой, кейбір жастар жанында еріп жүретін көліктердің де бірдей болғанын қалайды. Баласының көңілін қалдырғысы келмеген ата-ана қарызданса да, несие алса да, сұраған ақшасын тауып береді. Сосын той серуеніне шығатын жастар еркін сыятын автобусты безендіріп, шығарып көрейін деп ойладым. Қазір тапсырыс берушілер көп. Қалтасы қалыңдардың да балалары қымбат көліктерді жалдамай, менің автобусыма қызығып, жалдап жатыр. Бір күндік қызмет ақысы 35-45 мың теңге аралығында”, – дейді автобустың иесі. 

20131215_053956-640x360

Жалға алушылардың тілегіне орай Арман автобустың іші-сыртын көз тартарлықтай етіп безендіреді. Болашақта қаржы жинап, автобустың орындықтарын ыңғайлы етіп орналастырып, би билеп, сусын ішіп, тәтті торт жеуге барлық мүмкіндікті жасап қоймақшы.

20131215_053630-640x360

Айтпақшы, Арманның өзі де осы жылдың қараша айында өткен үйлену тойында қалыңдығына ерекше сый жасап, қаланы автобуспен қыдырыпты.

20131215_053134-640x360

Жаңадан шаңырақ көтеріп отырған Роллан мен Орынша да достарымен той серуенінде автобуспен серуендегенді жөн көрген. «Өмірімізде бір-ақ рет бастан өткеретін бұл бақытты күнді ерекше өткізгім келді. Сосын жарыма осындай ұсыныс айттым», – дейді Роллан. Ал қалыңдығы қуана қабыл алған. «Әрине, қымбат көлік жалдағанға біздің де шама-шарқымыз жетеді ғой. Біз бірақ достарымызбен бөлінбей, қайта бірге болғымыз келді. Бірге ән шырқап, тілек айтып, думандатып жатырмыз автобуста», – дейді жас жұбайлар.

20131215_053903-640x360

Шымкенттің тұрғындарына қызмет көрсеткеніне аз уақыт болғанына қарамастан, бұл автобус талай жұрттың қызығушылығын тудырып отыр. Егер сізге де жарыңыз той серуеніне осындай автобуспен шығуға ұсыныс айтса, бас изеп келісер ме едіңіз? 

Әйгерім Бегімбет, Тоқтама.кз порталы үшін.

Пікір жоқ

Пікір қосу