Төсектегі әйелдің ойы неде?

10
14658

Осы   бір  назды  қылығымен  баурайтын нәзік жандылардың  жатын   бөлмедегі  жайылған  жар  төсегінде   не ойлайтындығын  көпшілігіміздің  біле бермейтіндігіміз ақиқат. Мұны білуге  әр еркек құштар екені де жасырын  емес. Тіпті нәзік жандылардың өзі кейде не ойлап жатқандарына есеп бермейді екен.

Сонымен, төсек қатынасы кезінде әйел көбінесе нені ойлайды  екен?

Бұл  сауалдың  ер-азаматтарды   әбден   қызықтыратындығы   сөзсіз.

Психологтардың  жүргізген   әлеуметтік   сауалнамаларына  сүйеніп мынадай  тұжырымға   келуге болады. Бір  қызығы- әйелдердің   көпшілігі   жан   алысып  жан  берісіп  жатқан  махаббат ойындарына  өздерінің   сыртқы  пішіндерінің   бұзылмауын   көп   ойлайтын   көрінеді: мәселен,  жыныстық   қатынас  кезінде   шашым  ұйпалақтанып  қалмай  ма? Бетімді   әрлеген  бояуларым   ағып  кетіп   макияжым  бүлінбей  ме? Осындай ойға беріліп жатқанын сезіп қалсаңыз «жаным, сен сондай әдемісің» деп қойыңыз.

Ерімен   бірнеше   жыл  некеде  тұрып  отасып   келе   жатқан   әйелдердің  ойы  мұндай  ләззатты  шақтарда  да  күйкі  тірліктің  шырмауынан  шыға  алмайтынға   ұқсайды. Олардың   ойлайтыны: күйеуімнің  киімін  үтіктеп  үлгере аламын  ба? Балалардың  мектепке  апаратын  тамағын әзірледім  бе?  Тағы  басқа  да  осы  тұрғыдағы  ойлар.

Ал енді  жас  қыздарды  мұндай    ұсақ-  түйектер  тіпті  де  мазаламайды.  Олар  тек  төсектес  серігіне  қалай  жағуды ғана  ойлайды.  Олардың   көкейлерінде   бір  ғана сауал: «мен  осы  қандаймын,  мына  жігітке   ұнауым   мүмкін  бе?» дегенге  ғана   саяды.

Бірақ сайып   келгенде  осындай  ойлардың   тән  қызығы   кезінде   түкке де  қажеті   жоқ дейді  маман  психологтар.  Төсек тояты  кезінде  кезінде   еркек  пен әйел  бар  дүниені  ұмытып  бір — біріне  ынтызар  сезіммен құлай  берілуі  тиіс. Олардың  арасында  жасырын   сыр  болмауы   керек.  Мұндай  кездері   төсек  қатынасында   түрлі  тәсілдерді  қолданғанның  да  артықтығы  жоқ. Ер  адам  бұл  жағынан  тәжірибелі  болса  әйелді  өзімен  бірге  еліктіріп  әкете  алса сезім  шыңын  бағындыру  да  оңай.

Алайда  қаперге  алатын  жай  мұндайда  еркектің   бұл  қимылын  дөрекілік не әбестікке  санап  ықылассыз   сұлық  қалатын   әйелдерде  бар. Сондықтан,  шабыт   қимылына енер шақта әйелді аялап   аймалап  жатып   не  қалайтынын  сұрап  білген  артық  емес.

10 Пікір

  1. әрине төсектегі өмір ерекше ғой.сезімін оянғанда ештене қарамай қаласын жан беріп жан алысасын.куиеуін барлық жерінді суйсе.қандай керемет болады десенші.брақ проблема көп болса,ақша жоқ болса төсектін сәні болмайды.содан салқындық пайда болады

    • Қызық екенсің, қателесесің….жоқшылық төсек қатынасына ешқандай да қатысы жоқ. Сонда ата бабаларымыз соғыста да амалын тапқан ғой, оның біреуіде тура келмейді сіздің жоқшылыққа төсектегі салқындауыңызға..Кешіріңіз

  2. Сәлеметсіздерме? Өздеринди мазалап жүрген сурактарыныз болса бизге хат жазып, ойларыңызды болисе аласыздар колдан келгенше комек колын созуга тырысамыз. Сұрақтарды жазып жауап алгыныз келсе мына номерлерге хабарласып смс жазыныздар 87785159395 87081519395

  3. Салеметсиздерме?! Мен бала котере алмай журмин биыл 2 жылым. Не истесем болады? жыныстык катынаста болганнан кейин бирден турып кетсе бала котермеуи мумкин бе?

Пікір қосу