Топ 5 Той Бизнес жұлдыздарының жалақысы

0
1427
Топ 5 Той Бизнес жұлдыздарының жалақысы

Қазақ тойын концертке айналдырып, әннен шашу еткен қазақ эстрада әншілері бір тойда қанша табыс табады? Шоу бизнес жұлдыздарының той бизнестегі дәрежесі қандай? Бүгінде ең көп шақыртуларға ие болып жүрген қандай әншілер? Той домалақтардан нәпақасын тауып жүрген өнер иелерінің тізімін comode.kz сайты жариялаған екен, сіздермен бөлісуді жөн санадық.

1. Қайрат Нұртас. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін тыңдайтын бұл әншінің табыс көзі өте жоғары. Қазақ тойының сұранысына ие болып жүрген Қайраттың әндері мағыналы, әрі кұлаққа тез сіңеді. Хит әндерді өмірге әкеліп, жастардың талғамына сай туындыларды шырқап жүрген жұлдыздың бір той үшін алатын ақысы әр түрлі. Десек те, шамамен 5-7 мың доллар болады.

2. «Музарт» тобы. Көпшіліктің көзайымына айналған топтардың бірі. Тек қана сапалы дүниелерді тудырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген өнер иелерінің әрбір әні ыждағаттылықпен таңдалып, ерекше мән беретіні көрініп тұрады. Мұндай қоңыр үнді,  аспаптардың сүйемелдеуімен тірі дауыста ән салатын «Музарт» тобының құны 5 мың доллар.

3. Заттыбек Көпбосынұлының Ақ маржанысыз той өтпейтіні белгілі. Тойдың әнұранына айналған бұл әннің өмір сүргеніне де қанша ма уақыт болды. Жан жақтан шақыртулар алатын Заттыбектың туындылары өте жоғары бағаланады. Әдемі, Немерем атты әндері де елдің құлағынан кете қойған жоқ. Әншінің бір тойдағы табысы 3-5 мың доллар.

4. Асхат Тарғынов. Соңғы уақытта қазақтың тойына арналып жазылған «Мария» әнімен танылып үлгерген Асхатты Атырау, Ақтау қалаларының тұрғындары көп шақыртып жүр. Осы әнімен тойдың сәнін келтіріп жүрген өнер иесінің дауысы да ерекше. Той бизнесіне енді ғана қосылып жатқан әншінің қаламақысы 2 мың доллардан басталады.

5. Ақылбек Жеменейдің Қызыл Өрігі де Қазақ жерінің шет шетін аралап жүрген әннің бірі. Тойда бидің шаңын шығаратын тойшыл қазақтар үшін мұндай туындылар үлкен сұранысқа ие. «Миллион қыздар» деген көңілді көтере білетін әні де ширақ қимылдап би билегенге ыңғайлы. Ақылбектің еңбекақысы 2-3 мың доллар.

Пікір жоқ

Пікір қосу