Толық қыздарға қалыңдық көйлегін таңдау

1
2074
толық қыздарға көйлек таңдау

Әр қыз есейіп бой жетіп, етегін жинай бастаған кезінен бастап ханзадасын күтумен бірге той көйлегі жайлы ойлай бастайды. Сол күні киетін көйлегінің әр кішкентай бөлшегіне дейін ойлап,  өзі көрген көйлектердің  ішінен жобалап таңдап қояды. Ал егер қалыңдық басқа қалыңдықтар сияқты дене бітімімен мақтана алмайтын болса, онда өзі армандағандай көйлегі өзін әдемі ғып көрсете ме сол жайында ойлануына тура келеді.

Қазіргі кезде көптеген дизайнерлер толық қалыңдықтардың да жағдайын ойлай бастаған, себебі ешкім бұл өмірде идеал емес. Сондықтанда, олар толық қалыңдықтарға көйлек таңдаған кезде мына кеңестерге құлақ асқандарын қалайды.

Көп арулар үйленуді ойлаған кезден бастап арықтауды ойлап диетаға отырады, бірақ тез Модные-свадебные-платья-для-полных-невест-41арықтаймын деп денсаулығыңызға зиян тигізіп алмаңыз. Дұрысы арықтауға той күніне үш ай қалған кезден бастап ойланыңыз. Интернет беттерінен дизайнерлер ұсынған көйлектердің ішінен толық қыздарға арналған той көйлектерінде қарай жүріңіз, мүмкін сізге ұнайтын көйлекті сол жерден тауып аларсыз. Формасын тауып алсаңыз, жеке тапсырма беріп тіккізіп алуға да болады.

Көлемді көйлектерге ЖОҚ деңіз 

Алдымен, 70-80 — жылдары сәнге енген көлемді (пышный) көйлектер жайлы ұмытыңыз. Олар өте әдемі, тек толық қыздардың үстінде емес. Кейбір адамдар көлемді көйлектер толық қыздардың жасырғысы келген майларын жасырады деп ойлайды. Ол кезде сізге толық қолдарды жасыру үшін жабқыштар мен көйлектің етегін көтеріп тұратын көтергіштерін бәрін қосқан кезде қалыңдық одан ары үлкен ірі қалыңдық боп шыға келеді. Сонымен қатар, көп өрнекті, қатпарларға және көйлек жеңіндегі ашық үлкен өрнектерге де жоқ  деу керек.

Бар назарды беліңізге аудартып қоймаңыз 

1321526318_wedding-dresses-1Жабысып тұратын, көйлектің етегі «русалканың» етегі сияқты1acd41710ce5c1a19e67b9be15ba750b тігілген көйлектер толық қыздарға арналмаған. Толық қыздарға арналған көйлектер трапеция стиінде қатты кең емес артық деталдарсыз болады.  Матасы денеге жабысып тұруы керек, бірақ қатты тар болмасын. Сонымен қатар жылтырақ маталардан да аулақ болған дұрыс, себебі олар адамдарды үлкен қылып көрсететін иллюзияға ие.

Толықтықтың өзі әр түрлі болуы мүмкін, мысалы кей әйелдер белінің жуандығынан, кейбірінде төс тұстары үлкен, кейбірінің бөкселері тым көлемді болуы мүмкін. Барлық дефектілерді көйлекті дұрыс таңдаған кезде олар сіздің артықшылықтарыңыз боп шыға келеді. 

Жоғарғы жағыңызды жасырыңыз 

Егер қалыңдықтың қолдары, иықтары толық төстері үлкен болса жабысып қалған жеңі ұзын көйлектермен төрт бұрышты жағалы көйлектерден аулақ болған дұрыс. Жоғарғы бөлігі толық қыздарға V формадағы кең жағалы қиығымен болғаны жақсы, сонда мойны ұзын болып төс жағы кішірек болып көрінеді. Көйлектің жеңді болғаны жөн, себебі жеңі жоқ болса қолдарыңыз одан ары үлкен болып көрінеді. Жеңді көйлек таңдаған кезде өзіңізді еркін сезінетіндей ұзындықты таңдаңыз, кішкене ғана түсіп тұратын жең және ұзын кең жеңдер не қолыңыздыңivory-wedding-dress-09 төрттен бір бөлігінен келетін жең таңдаңыз. Егер көйлектің жеңі жоқ болса онда оны өрнекті болеромен не палантин жабу арықылы жасыруға болады.

Жуан (жалпақ) белді жасыру

Егер қалыңдықтың белі жуан болса онда бар назарды төс пен бөксеге аударатындай ету керек. Егер бөкселеріңіз өте үлкен емес, формасы әдемі болса онда сізге «русалка» іспеттес тігілген көйлек таңдауыңызға болады, тағы бір әдісі онда бөксе жаққа төс жақтағы сәндікке ұқсайтындай гүл қыстырыңыз. Көйлектің бел тұстары диаганалды сызықты белдік іспеттес  немесе қатпарланған болса да жақсы көрінеді. Олар адамның белінің жуандығын жасыра алады.

Егер беліңіз тым жуан болса онда карсет кию дұрыс таңдау болып саналады, бірақ қалыңдық корсетте өзін еркін сезіне алмауы мүмкін. Кестелеу мен түстерді дұрыс таңдау да мәселені шешуге көмектеседі.

Бұл кеңестердің бәрі қатып қалған ережелер емес. Себебі әр арудың қалауы мен дене бітімі әр түрлі. Бәрі қалыңдық таңдауы мен көйлектің сіздің үстіңізде жарасуына байланысты. Бастысы өзіңіздің өміріңіздегі ең қуанышты күні сіз бәрінен де әдемісіз.

Автордан: мен де толық қыздар қатарына жатамын, толық қыздардан расымен көлемді (пышный) көйлектерде көрген кезде тым үлкендігін байқап қаламын.

1 пікір

Пікір қосу